Бауыржан Тәжікенұлы Өмірәлиев (27 ақпан, 1971 жыл, Гурьев облысы Балықшы ауданы, Придорожный кенті) - Атырау мұнай және газ институтының профессоры (2006 жылдан), Техника ғылымдарының кандидаты (1999), докторы (2008).

Өмірбаяны

Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің (1995) тау-кен-мұнай факультетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша бітірген. Атырау мұнай және газ институтының профессоры (2006 жылдан). 1995 жылдан - «Азимут» ГӨК алдағы жоспардағы зерттемелер бөлімінің инженері (Уфа қ.). 1999 жылдан – Атырау мұнай және газ институтының аға оқытушысы, доценті, профессоры, мұнай және газ кафедрасының меңгерушісі 2010 жылдан бері - ҚР ТЖМ «Мұнай-газ өнеркәсібінің мұнай және газ бойынша геологияның техникалық қауіпсіздігі жөнінде ғылыми-зерттеу орталығының» ЕМК директоры Еңбектері Техника ғылымдарының кандидаты (1999), докторы (2008). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Жергілікті шикізаттан тиімді тампонаждық материалдар алудың теориялық негіздерін даярлау». «Ұңғымаларды күрделі жөндеу» (2005) «Терең ұңғымаларды бұрғылаған кездегі импульстік технологияның теориясы мен тәжірибесі» (2006) «Ұңғымалар құрылысы үшін ұнтақ тәріздес материалдарды алу үшін дезинтеграторлық технологияның қолданылуы» (2007) кітаптарының; 50-ден астам мақалалар мен баяндамалардың авторы.

Марапаттары РФ Жоғары және орта білім министрлігінің «Үздік студенттік ғылыми жұмысы үшін» (1993) медалі «Атырау мұнай және газ институтына 25 жыл» (2005) медалі «Атырау мұнай және газ институтына 30 жыл» (2010) медалі

Отбасы Әкесі - Өмірәлиев Тәжікен Мәмбеталыұлы, марқұм, бұрғылаушы-геологбарлаушы болған. Анасы - Әуелбаева Зият (1931 ж. т.), зейнеткер. Үйленген. Жұбайы - Көпжасарова Гүлжан Базарбайғызы үй шаруасымен айналысады. Қызы - Зарина, ұлы ФаритҚазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:27 ақпанда туғандар Санат:1971 жылы туғандар Санат:Балықшы ауданында туғандар Санат:Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті түлектері Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Атырау мұнай және газ институтының профессорлары Санат:Атырау мұнай және газ институтына 25 жыл медалінің иегерлері Санат:Атырау мұнай және газ институтына 30 жыл медалінің иегерлері