Мағауия Тәжіғараұлы Чердабаев (23 шілде 1946, Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті — 18 қыркүйек 2021, Атырау, Атырау облысы) — қазақ ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы (2001), профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Экология және өмір тіршілік қауіпсіздігі» академиясының (2001), ҚР Ұлттық инженерлік академиясының (2002) академигі.

Өмірдерегі Шырдабаев Мағауия Тәжіғараұлы 1946 жылы 23 шілдеде Атырау облысы, Мақат ауданының Доссор кентінде дүниеге келген.

Білімі Доссор кентіндегі В.Г.Белинский атындағы орта мектепті (1962); Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-механик (1973); Мәскеудің И. Губкин атындағы мұнай, химия және газ өнеркәсібі институтын инженер-экономист (1985).

Еңбек жолы 1962-1968 жылдары – «Қазақстанмұнай» өндірістік мұнай-газ өндіру бірлестігіне қарасты Доссор автожөндеу зауытында ыспашы (шлифовальщик), «Өзенмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында оператор;

1973-1978 жылдары – «Ембімұнай» өндірістік бірлестігінің Балықшы барлау-бұрғылау басқармасында аға инженер, өндірістік қызмет көрсету базасының бастығы;

1978-1981 жылдары – кеңес мұнай геологтары тобында Ауғанстанға іссапар, топ жетекшісінің орынбасары;

1981-1984 жылдары – «Ембімұнай» бірлестігі Каспий барлау бұрғылау басқармасының бас маманы;

1984-1991 жылдары – «Ембімұнай» өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары, партия комитетінің хатшысы;

1988-1991 жылдары – қалалық комитеттің Бюро мүшесі, Гурьев облыстық комитетінің мүшесі, облыстық және КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігінің партия комитеттері хатшылар кеңесінің мүшесі;

1991-2021 жылдары – «Эмбаведьойл» ЖШС бас директоры, Бақылау кеңесінің төрағасы;

1996-2021 жылдары – Атырау мұнай және газ институтының (қазіргі С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті) «Мұнай-газ өнеркәсібінің экономикасы», «Мұнай-газ кешенін басқару» кафедраларының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, профессор, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы;

1999-2012 жылдары – Атырау облыстық мәслихатының II, III және IV шақырылымдарының депутаты, Атырау қаласының стратегиялық дамуы жөніндегі Корпарация директорлар кеңесінің мүшесі. Үш шақырылымда да облыстық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, кәсіпкерлікті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланды.

2002-2021 жылдары – «Экология және өмір тіршілік қауіпсіздігі» (КАРО МАНЭБ) қоғамдық бірлестігінің президенті.

Ғылыми еңбектері М.Т.Шырдабаев – 200-ден астам ғылыми еңбектің, монографиялар мен кітаптардың авторы. Бұл еңбектер жаңа мұнай және газ кен орындарын игеру мен ашу тарихынан бастап техногендік және жарылыс қаупті бар аймақтар мен өнеркәсіптік нысандарға, сондай-ақ олардағы аварияларды жою әдістеріне, нарықтық қатынастардың қалыптасу жолдары мен Қазақстанның мұнай-газ кешенінің өзіндік даму шарттарына, сондай-ақ мұнай-газ секторының экологиялық аспектілеріне, оның ішінде қоршаған ортаға әсеріне қатысты («ҚР Мұнай-газ кешенінің нарықтық қатынасын қалыптастыру және өзін өзі дамыту жағдайын жасау жолдары», «Атышулы Теңіз-37», «Бұрғылау машиналары мен жабдықтары», «Алғашқы мұнай өндіруші «Ембаведьойл БК – 25 жыл», «Аридтік аймақта табиғи ресурстарды молықтырудың теориялық аспектілері және адамның жер шаруашылығын игерудің тиімділігі», «Қазақстан экономикасын дамыту үшін аридтік аумақты кешенді игеру стратегиясы», «Құрал-жабдықтарды пайдалану жағдайларын талдау және корозиондық-механикалық тозудан қорғау әдістері (ПОЭН мысалында)», «Құрылыстағы энергия үнемдеу жолдары», «Азаматтық парыз», т.б) болды.

Ол 10 авторлық куәлік, патент иесі және «Табиғатты пайдалану және антропосфера мәселелері» халықаралық журналының редакциялық алқасының мүшесі болды.

Марапаттары мен атақтары КСРО социалистік жарысының жеңімпазы (1975-1977); «Еңбек ардагері» КСРО медалі (1989) «Құрмет» ордені (2001); «Парасат» ордені (2014); «Қазақстан мұнайына – 100 жыл» медалі (1999); «Ауғанстандағы соғыс ардагері» медалі (2000); «Жауынгерлік іс-қимыл ардагері» медалі (2005); «Қазақстан Республикасы Парламентіне – 10 жыл» медалі (2006); «Айрықша еңбегі үшін» медалі (2006); «Қазақстан мәслихатына – 20 жыл» медалі (2014); «Қазақстан мәслихатына – 25 жыл» медалі (2019); «Қазақстан мұнайына – 120 жыл» медалі (1999); «ҚР Жер қойнауының Құрметті барлаушысы» (2003); «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2006); «Қазақстан Республикасының ғылымы мен біліміне қосқан үлесі үшін» медалі (2006); «Мұнай және газ өнеркәсібінің еңбек сіңірген қызметкері» (2014); «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (2019) Атырау облысы, Мақат ауданының Құрметті азаматы (2004); Атырау облысы, Жылыой ауданының Құрметті азаматы (2014); Атырау облысының Құрметті азаматы (2017); Атырау қаласының Құрметті азаматы (2018); М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры (2006); Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры (2006);

Ғылыми атақтары Экономика ғылымдарының кандидаты (1996); Экономика ғылымдарының докторы, профессор (2001); Халықаралық Экология және өмір тіршілік қауіпсіздігі ғылым академиясының академигі (2000); ҚР Инженерлік академиясының академигі (2002)

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары