Құнанбаев сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: Абай Құнанбайұлы - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Ақылбай Абайұлы Құнанбаев — ақын. Алма Бектұрсынқызы Құнанбаева - музыкатанушы ғалым, өнертану ғылымдарының кандидаты. АҚШ-тың атақты Стэнфорд университетінің профессоры. Әшірбек Құнанбаев – техника ғылымдарының кандидаты. Жебірәйіл Турағұлұлы Құнанбаев — Абайдың немересі, домбырашы, скрипкашы, әнші. Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев – Абай мұрасын тұңғыш бастырушы, Абайдың інісі Ысқақтың баласы.

Мағауия Абайұлы Құнанбаев - ақын.

Сәлима Сағиқызы Құнанбаева – филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі. ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері.