Бойкот - өзінің экономикалық немесе саяси талаптарын орындату мақсатында жеке адаммен, ұйыммен, мемлекетпен толық немесе ішінара қатынастарды тоқтату; сол мақсатта белгілі бір міндеттерді орындаудан бас тарту; өкілетті органдарды сайлауға қатысудан бас тарту; наразылық ретінде қарым-қатынасты үзу.

Бұл сөздің шығуы Ч. К. Бойкат деген ағылшынның атына байланысты. 1880 жылы ол басқарған имениені жалға алған ирландықтар күрестің бұл түрін бірінші рет соған қарсы пайдаланған болатын Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Дереккөздер

Санат:Әлеуметтану Санат:Терминология