Бағытжан Есенғалиев (1927, Атырау облысы) - инженер, мұнайшы.

Өмірбаяны Мәскеу мұнай институтын бітірген (1950). 1950-1952 жылдары - Мұнайлы МАБ күрделі жұмыстар жөніндегі инженер, аға инженер, техникалық бөлімнің бастығы. 1952-1955 жылдары - «Қазақстан мұнай» бірлестігі бурғылау кеңсесінің бас инженері. 1955-1957 жылдары - «Қазмұнайбарлау» тресі бұрғылау кеңсесінде ӨТБ бастығы. 1957-1958 жылдары - Сағыз кәсіпшілігінің меңгерушісі, «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінің бас инженері. 1958 жылдан - халық шаруашылығының Гурьевтік кеңесінде бөлім бастығының орынбасары. 1965-1972 жылдары - Қазақ КСР Геология министрінің орынбасары. 1972-1986 жылдары - Оңтүстік Қазақстан геологиялық басқармасының бас инженері, ЕАТҚ орталығында филиал меңгерушісі; Оңтүстік Қазақстан МБЭ бастығының бірінші орынбасары; Қазақ КСР Геология министрлігі ЕАТҚ орталығының директоры. 1986-1988 жылдары - Оңтүстік Қазақстан өндірістік-геологиялық бірлестігінің бас технологы. 1988 жылдан - зейнеткер.

Марапаттары «Құрмет белгісі» ордені медальдармен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:1927 жылы туғандар Санат:Атырау облысында туғандар Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті түлектері Санат:Қазақстан вице-министрлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері