Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі — мұнай-газ өнеркәсібі, көмірсутек өндіруде жер қойнауын пайдалану, газбен жабдықтау, электр энергетикасы, жылумен жабдықтау, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында басшылық жасайтын, үкімет құрамына кіретін орталық атқарушы орган.Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері Министрлік 2014 жылдың тамызында Мұнай және газ, Индустрия және жаңа технологиялар және Қоршаған орта және су ресурстары министрліктерінің қосылуынан құрылды.
Тарихы 2014 жылдың сәуірінде Қазақстан энергетиктері, соның ішінде Қазақстан Электроэнергетика Ассоциациясының мүшелері Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовке Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен бөлініп, ҚР Энергетика министрлігін құру туралы өтінішпен жүгінді.КОНСТАНТИНОВ, Александр Сол жылдың 6 тамызында президент Назарбаев Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Энергетика министрлігінің құрылатынын, және оның Мұнай және газ, Индустрия және жаңа технологиялар және Қоршаған орта және су ресурстары министрліктерінің міндетін алатынын айтып кетті. Тұңғыш энергетика министрі болып Владимир Школьник тағайындалды.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен: Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті мен Атом энергиясы комитеті біріктіріліп, Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті құрылды; Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті мен Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті біріктіріліп, Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті құрылды.
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 409 қаулысымен Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Экологиялық реттеу және бақылау комитеті болып қайта аталды.
ҚР Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығымен Энергетика министрлігінің қоршаған ортаны қорғаудың, тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеудің мемлекеттік саясатын қалыптастыру және іске асыру, табиғи ресурстарды қорғау, оларды ұтымды пайдалануды бақылау және қадағалау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері жаңадан құрылған Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне берілді.
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті болып қайта аталды.
Басшылығы Министр — Ерлан Ақкенженов. Министр орынбасары — Санжар Жаркешов. Министр орынбасары — Бақытжан Ілияс Министр орынбасары — Сұңғат Есімханов. Министр орынбасары — Құдайберген Арымбек. Аппарат басшысы — Жанар Жарылғасова.
Құрылымы Энергетика министрлігінің 2023 жылдың қыркүйегіндегі жағдайы бойынша құрылымы: Комитеттері Министрліктің жалғыз комитеті — Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті. Ол электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асырады.
Департаменттері Энергетика министрлігінің департаменті бар: Ішкі аудит департаменті; Жер қойнауын пайдалану департаменті; Газ және мұнай-газ-химия департаменті; Жұртшылықпен байланыс департаменті; Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті; Мұнай игеру және өндіру департаменті; Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті; Электр энергетикасын дамыту департаменті; Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті; Жаңартылған энергия көздері департаменті; Стратегиялық даму департаменті; Жолданымдарды және орындаушылық тәртіпті бақылау департаменті; Заң қызметі департаменті; Бюждет және қаржылық рәсімдер департаменті; Халықаралық ынтымақтастық департаменті; Цифрландыру департаменті; Персоналды дамыту департаменті; Қауіпсіздік департаменті.
Қарамағындағы мекемелер Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС «Капиталмұнайгаз» РММ
Министрлер тізімі №СуретіАты-жөні Қызметі ПартиясыҮкімет басшысыЭнергетика және электрлендіру министрлігі (1992 жылға дейін)199pxБолат Нұржановсәуір1990ақпан1992белгісізТерещенкоЭнергетика және отын ресурстары министрлігі (1992–1994)199pxҚадыр Бәйкеновақпан1992маусым1994белгісізТерещенкоЭнергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі (1994–1997)199pxВладимир Кармаковмаусым1994наурыз1995белгісізТерещенкоҚажыгелдин299pxВиктор Храпуновнаурыз19954 наурыз1997белгісізҚажыгелдинЭнергетика және табиғи ресурстар министрлігі (1997)199pxВиктор Храпунов4 наурыз199716 маусым1997белгісізҚажыгелдин299pxДүйсенбай Дүйсеновмаусым1997қазан1997белгісізҚажыгелдинЭнергетика, индустрия және сауда министрлігі (1997–2000)199pxАсығат Жабағинқазан1997сәуір1998белгісізҚажыгелдинБалғымбаев299pxМұхтар Әблязов21 сәуір1998қазан1999ПартиясызБалғымбаев399pxВладимир Школьникқазан199913 желтоқсан2000белгісізТоқаевЭнергетика және минералдық ресурстар министрлігі (2000–2010)199pxВладимир Школьник13 желтоқсан200019 қаңтар2006белгісізТоқаевТасмағамбетовДаниал Ахметов299pxБақтықожа Ізмұхамбетов19 қаңтар200627 тамыз2007ПартиясызДаниал АхметовМәсімов IНұр Отан399pxСауат Мыңбаев27 тамыз200712 наурыз2010белгісізМәсімов IЭнергетика министрлігі (2014 бері)199pxВладимир Школьник6 тамыз201425 наурыз2016Нұр ОтанМәсімов II299pxҚанат Бозымбаев25 наурыз201618 желтоқсан2019Нұр ОтанМәсімов IIСағынтаевМамин I399pxНұрлан Ноғаев18 желтоқсан20197 қыркүйек2021Нұр ОтанМамин IМамин II499pxМағзұм Мырзағалиев9 қыркүйек20215 қаңтар2022ПартиясызМамин II599pxБолат Ақшолақов11 қаңтар20224 сәуір2023ПартиясызСмайылов IСмайылов II699pxАлмасадам Сәтқалиев4 сәуір202318 наурыз2025ПартиясызСмайылов IIБектенов I799pxЕрлан Ақкенженов19 наурыз2025белгісізБектенов I
Мұнай және газ министрлері №СуретіАты-жөні Қызметі ПартиясыҮкімет басшысыМұнай және газ өнеркәсібі министрлігі (1994–1997)199pxРавиль Шырдабаевмаусым1994қазан1994белгісізТерещенко2 Нұрлан Балғымбаев19941997белгісізҚажыгелдинМұнай және газ министрлігі (2010–2014)199pxСауат Мыңбаев12 наурыз20103 шілде2013белгісізМәсімов IСерік Ахметов299pxҰзақбай Қарабалин3 шілде20134 тамыз2014белгісізСерік АхметовМәсімов II
Дереккөздер
Э Санат:Энергетика министрліктері