Юрий Павлович Блинов 1937 жылы Мордовада туған . 1960 жылы — Куйбышев индустрия институтын бітірген . 1960-1961 жылдары — Орал мұнай базасында механик, аға инженер. 1961-1980 жылдары—Орал терең бұрғылау мұнай барлау экспедициясының лаборатория инженері, смета-жобалау тобының бастығы, бұрғылау шебері, өндіріс-техника бөлімі бастығы, экспедицияның бас инженері. 1980-1983 жылдары — Вьетнам Социалистік Республикасына іс-сапармен Кеңес Одағынан барған мамандар тобының бас инженері. 1983-1985 жылдары — Орал мұнай барлау экспедициясының бас технологі. 1985-1996 жылдары — Шаған терең бұрғылау мұнай барлау экспедициясының бастығы. 1996 жылдан — «Оралмұнай газгеология» акционерлік қоғамында директордың өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Тұлғалар