Балықбай Аманбаев (1902-1984, Атырау облысы). Ембі ардагері. 1915-1924 жылдары - Paкуш поселкесіндегі құрылыста жұмысшы. 1924-1941 жылдары - Мақат, Доссор, Ескене, Байшонас мұнай кәсіпшіліктерінде жұмысшы, мұнай кәсіпшілігі құрал-жабдықтарын жинау жөніндегі слесарь, оператор. 1941-1957 жылдары - Сағыз мұнай кәсіпшілігінде слесарь, бригадир, мұнай айдау операторы, машинист, қайта эмульсациялау цехының механигі. Ленин орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары