Нариман Айтжанов (1928-2002, Атырау облысы). Мәскеу мұнай институтын бітірген (1952). 1952-1956 жылдары - мұнай өндіру жөніндегі оператор, учаске шебері, инженер. 1956-1959 жылдары - Доссор мұнай кәсіпшілігінде мұнай өндіру цехында меңгеруші, бас инженер. 1959- 1962 жылдары - Байшонас МАБ ӨТБ бастығы. 1962-1967 жылдары - Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінде нұсқаушы. 1967-1990 жылдары - Қазақ КСР халықтық бақылау комитетінде бөлім меңгерушісінің орынбасары. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары