Бекешов Сағызбай (1924, Атырау облысы). Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1941-1942 жылдары — Ескене мұнай барлау цехында бұрғышының көмекшісі. 1947-1951 жылдары — «Қазақмұнайбарлау» тресінің геологиялық-іздестіру кеңсесінде бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шебері. 1951-1986 жылдары — Құлсары барлау-бақылау, ұңғыма сынау және тексеру кеңселерінің Қаратон, Төбежік мұнай барлау бөлімшелерінде бұрғышы, бұрғылау шебері. 1986 жылдан зейнеткер. 2-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар