Михаил Федорович Карпов (1914, Әзірбайжан). Баку мұнай институтын бітірген (1933). 1942-1953 жылдары - мұнай мен газ өндіру цехының бастығы, Байшонас, Құлсары, Қаратон мұнай кәсіпшіліктерінің бас инженері. 1953-1954 жылдары - Қаратон бұрғылау кеңсесінде техникалық бөлімінің бастығы. 1954-1957 жылдары - Доссор мұнай кәсіпшілігінің меңгерушісі. 1957-1970 жылдары - Мақат МАБ аға инженер, бас инженер. 1970-1974 жылдары - «Мақатмұнай» МГӨБ Мақат АИТҚ бастық. «Құрмет белгісі» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен және медальдармен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері