Амантөрлин Ғалымжан (1956, Атырау қаласы). Бүкілодақтық сырттай оқытатын политехникалық институтты (1982), Бүкілодақтық қаржы-экономика институтын (1992) бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. 1973-1974 жылдары - «Гурьевмұнайхимқұрылыс» тресінің слесары. 1974-1999 жылдары - АМӨЗ-дің операторы, аға операторы, қондырғы бастығы, бөлім бастығы, цех бастығы, бас технологы, бас инженері, бас директордың бірінші орынбасары, департамент директоры. 1999 жылдан - Атырау мұнай өңдеу зауытының президенті. 2002 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнайды өңдеу және мұнай-химия департаментінің директоры. «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 10 жыл» медалдарымен марапатталған. 4 патенттің авторы, 24 ғылыми еңбектің серіктес авторы.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар