Әбдірақым Өтеев (1936, Атырау). 1955-1957 жылдары - оператор, №3 мұнай тарту жөніндегі аға оператор. 1957-1959 жылдары Кеңес әскері қатарында қызмет етті. 1959-1997 жылдары - оператор, селектор байланысының телефоншысы, мұнайтарту бекетінің бастығы, тауар операторы, техникалық сорғыштардың машинисі, технологиялық қондырғыларды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь, Балықшы аудандық мұнай тарту басқармасының мұнай есебі жөніндегі технигі. 1997 жылдан - зейнеткер. 3-ші дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен, медалдармен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Тұлғалар