Талғат Паритов (1962, Атырау облысы). ҚазПТИ-ді бітірген (1985). 1985-1992 жылдары -«Ембімұнай» өндіріс бірлестігінің Балықшы барлау бұрғылау басқармасында бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шебері. 1993-1995 жылдары - «Ембімұнай» өндіріс бірлестігінің коммерция орталығы директорының орынбасары. 1995-1997 жылдары - «Мұнайгаз» МХК-на қарасты «Мұнайгаз-Финанс» қаржылық-инвестициялық фирмасында бас маман, директордың орынбасары. «ҚазМұнайГаз» ҰК-ның бас менеджері. 2004 жылдан - «ҚазМұнайГаз» Барлау өндіру» АҚ-ның бөлім бастығы, бұрғылау жұмыстары мен ұңғыларды күрделі жөндеу департаментінің директоры.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:1962 жылы туғандар Санат:Атырау облысында туғандар Санат:Қазақстан мұнайшылары