Дүйсенғалиев Исламғали (1910-1984, Атырау облысы). Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген мұнайшысы (1958). Ембінің ардагері. 1925-1930 жылдары — жалдамалы жұмыста. 1930-1945 жылдары — Доссор МКБ-да жұмысшы,оператордыңкөмекшісі, оператор, аға оператор. 1945-1970 жылдары — Мақат МКБ-да ұңғымаларды жер асты жендеу жұмыстары бригадасының операторы, аға оператор, бригада шебері. 1970-1980 жылдары — Гурьев машина жасау зауыты ұсталық цехында балғашы, уста, шебер, цех бастығы. «Құрмет белгісі» орденімен (1942), Еңбек Қызыл Ту (1944) орденімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар