Рақымжан Сағындықов (1904-1991, Атырау қ.). Баку өнеркәсіп академиясын бітірген (1934). ҚазКСР-дің еңбегі сіңген геолог барлаушысы (1961). 1920-1924 - «Ембімұнай» тресі кәсіпорындарында жұмысшы, жүк тасушысы. 1924-1965 - «Ембімұнай» тресі бұрғылау бөлімінің меңгерушісі, Мақат, Іскене, Қосшағыл МК-нің директоры, «Ақтөбемұнайгазбарлау», «Қазақстанмұнайгазбарлау» трестерінің басқарушысы, Батыс Қазақстан геология басқармасы бастығының орынбасары, ЖМБЭ бастығы.

Ленин, Еңбек Қызыл Туы ордендарымен, медалдармен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Тұлғалар