Қуаныш Сапаров (1936, Атырау облысы). Ташкент байланыс электротехникалық институтын бітірген (1963). 1954-1956 - Алматы байланыс техникалық училищесінде оқыған. 1956-1958 - Атырау радиожелі технигі. 1963-1965 - қалалық байланыс торабының аға инженері. 1965-1973 - Атырау пайдалану-техникалық байланыс торабының бастығы, қалалық телеграф-телефон станциясының бастығы. 1973-1982 - Атырау облыстық байланыс өндіріс-техникалық басқармасының бас инженері. 1982-1985 - Атырау пайдалану-техникалық байланыс торабының бастығы, телеграф-телефон станциясының бастығы. 1986-1987 - «Атыраумұнайгазгеология» ӨГБ байланыс бастығы. 1987-1994 - «Каспий маңы» өндіріс-техникалық байланыс басқармасының пайдалану бөлімі бастығының орынбасары, Атырау пайдалану-техникалық байланыс торабының бастығы. 1994 жылдан «КаспийМұнайБайланыс» АҚ президенті. 1997 жылдан зейнеткер.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Тұлғалар