Шөпбақа () – ірі бақа, ұзындығы 10 см-дей болып келеді. Алдыңғы жағынан қарағанда тұмсығы дөңгелек пішінде көрінеді. Денесі ашық сұр, ашық сары және қара түске боялған. Бұл негізінен Еуропа бақасы, Солтүстік Қазақстанның орманды, қайыңды аймақтарында және Жайық пен Елек өзендерінде кездеседі. Жәндік, өрмекші және құрттармен қоректенеді. Су астында лайға көміліп қыстайды.«Қазақстандағы жануарлар әлемі» кітабы,«Алматыкітап» ААҚ, 2003 жыл. ISBN 9965-628-91-2
Дереккөздер
Санат:Құйрықсыз қосмекенділер