Митхун Чакраборти , туған кездегі аты - Гоуранга Чакраборти (16 маусым 1950, Калькутта, Батыс Бенгал, Үндістан) — 200-ден аса фильмге түскен үнді актері. Ең танымал әрі жалақысы жоғары төленетін актерлердің бірі. 1982 жылғы шыққан «Disco dancer» фильмінен кейін оның атағы жер жарады. Ол үнді актрисасы Йогите Балиге үйленген. Үш ұлы және бір қызы бар. Үлкен ұлы – Мимох Чакраборти әкесінің ізін қуған, екінші ұлы – Римох «Phir Kabhi» фильмінде Митхунның кішкентай кезіндегі рөлін сомдаған.
Сыртқы сілтемелер Митхун Чакраборти кім? / «Үш қиян» газеті.
Санат:Үндістан актерлері