Оқиғалар

Қаңтар 1 қаңтар - Кашмирде Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери қимылдар тоқтады. 18 қаңтар — КСРО, Румыния, Мажарстан, Болгария, Польша және Чехословакия үкіметтерінің өкілдері Мәскеуде Өзара экономикалық көмек кеңесін (ӨЭКК) құру туралы хаттамаға қол қойды. 20 қаңтар - Гарри Трумэн АҚШ президенті қызметіне екінші мерзімге кірісіп, дамушы елдерге «техникалық көмек» көрсету бағдарламасын жариялады. 26 қаңтар – Аустралия азаматтығы күшіне енді. 31 қаңтар – Қытай Коммунистік партиясының әскерлері Бейжіңге кірді.

Ақпан 4 ақпан – Иран шахы Мұхаммед Реза Пехлевиге қастандық жасау әрекеті сәтсіз аяқталды. 16 ақпан – Хаим Вейцман Израиль президенті болып сайланды. 24 ақпан - Израиль мен Мысыр арасындағы уақытша бітімгершілік келісіміне қол қойылды.

Наурыз 8 наурыз - Франция Вьетнамның тәуелсіздігін мойындады. 17 наурыз -Мәскеуде КХДР мен коммунистік Қытай арасында бірлескен қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды. 31 наурыз – Ньюфаундленд Канадаға 10-шы провинциясы ретінде қосылды.

Сәуір 1 сәуір - Бейпинде Гоминьдан мен ҚКП делегациялары арасында келіссөздер басталды. 4 сәуір - АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Канада және басқа елдер арасында Солтүстік Атлантикалық келісімге қол қойылды, ол НАТО-ның әскери-саяси одағын құруға негіз болды. 18 сәуір – Ирландия Республикасы ресми түрде республикаға айналып, Ұлттар достастығынан шықты. 23 сәуір – Қытай коммунистік әскерлері Нанкинді басып алды. 26 сәуір – Трансиордания өз атауын Иордания Корольдігіне өзгертті.

Мамыр 5 мамыр - Еуропа Кеңесі құрылды. 11 мамыр: Израиль Біріккен Ұлттар Ұйымына 59-шы мүше ретінде қабылданды. Сиам өзінің французша атауын ресми түрде «Тайландқа» өзгертті. 12 мамыр – Кеңес Одағы Берлин қоршауын алып тастады. 20 мамыр - Гоминьдан Тайваньда әскери жағдай енгізді. Ол 1987 жылға дейін күшінде қалды. 23 мамыр - ГФР құрылды. 27 мамыр - Гоминьдан әскерлері коммунистерге Шаңхайды тапсырды.

Маусым 11 маусым – Чехословакия Югославиямен экономикалық қарым-қатынасты үзді. 27 маусым – Бирма (Мьянма) ЮНЕСКО-ға мүше болды. 29 маусым - АҚШ әскерлерінің соңғы бөлімдері Оңтүстік Кореядан шығарылды.

Шілде 2 шілде - Шығыс еуропа елдері Югославияға қару-жарақ жеткізуді тоқтатты. 6 шілде - Монако ЮНЕСКО мүшесі болды. 8 шілде - Тибет Қытайдан тәуелсіздігін жариялады. 19 шілде - Лаос Француз одағының құрамында тәуелсіздік алды. 20 шілде – Израиль мен Сирия бітімге қол қойып, 19 айға созылған соғысты аяқтады. 21 шілде - АҚШ Сенаты НАТО туралы шартты мақұлдады. 27 шілде - Францияның Ұлттық жиналысы НАТО туралы шартты ратификациялады. 30 шілде – Англия мен Уэльсте тегін заң көмегін көрсету жүйесі енгізілді.

Тамыз 8 тамыз: Бутан Ұлыбританиядан тәуелсіздігін алды. Еуропа Кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Түркия, Грекия және Исландия жаңа мүшелер ретінде қабылданды. 12 тамыз – Төртінші Женева конвенциясы қабылданды. 20 тамыз - Мажарстан Халық Республикасы жарияланды. 24 тамыз – Солтүстік Атлантикалық шарт ұйымы құрылды. 29 тамыз - Еуропа Кеңесі алғаш рет бас қосты.

Қыркүйек 13 қыркүйек – Кеңес Одағы Цейлон, Финляндия, Исландия, Италия, Иордания және Португалияның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуына вето қойды. 14 қыркүйек - Пәкістан ЮНЕСКО мүшесі болды. 15 қыркүйек - Конрад Аденауэр Германия Федеративтік Республикасының алғашқы канцлері болды. 16 қыркүйек – Израиль ЮНЕСКО мүшесі болды.

Қазан 1 қазан - Қытай Халық Республикасы құрылды. 2 қазан - КСРО ҚХР-мен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, жаңа Қытайды мойындағанын жариялаған алғашқы шет мемлекет болды. 4 қазан - Мажарстан Халық Республикасы ҚХР-мен дипломатиялық қатынастар орнатты.

Қараша 28 қараша - Гоминдан үкіметі Чунциннен Тайваньға эвакуацияланды. 30 қараша - АҚШ президенті Гарри Трумэн Кореяда атом қаруын қолданатындығын ескертті.

Желтоқсан 8 желтоқсан - АҚШ ҚХР-ға экономикалық байкот жариялады.

Қазақстанда 29 тамыз - Семей полигонында КСРО-дағы алғашқы атом бомбасын сынауы өтті.

Туғандар Тағы қараңыз: :Санат:1949 жылы туғандар

Қайтыс болғандар Тағы қараңыз: :Санат:1949 жылы қайтыс болғандар

Тағы қараңыз

Дереккөздер

*