Асқар Ұзақбайұлы Мамин (23 қазан 1965 жыл, Целиноград) — қазақстандық саясаткер және экономист, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі (2019–2022). Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті (2008–2016).

Өмірбаяны Мамин Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.Қанжығалы шежiресi, Құрастырушылар Ғ.Умаров, Қ.Әлімжанов, бас редактор Негимов Серік 558 бет, Астана 2017 - ISBN 9786013026701 Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын бітірген. Инженер-құрылысшы, экономист. Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінің құрастырушысы болып бастады. Кейіннен кәсіпкерлікпен шұғылданды. Ақмола арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі. Индустрия және сауда бірінші вице-министрі. 2005–2006 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі болып қызмет атқарған. 2006–2008 жылдары Астана қаласының әкімі. 2008–2016 жылдары "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып қызмет етті. 2016–2019 жылдары Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды. 2019 жылғы 25 ақпаннан бастап 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін Қазақстан премьер-министрінің қызметінде болды. 2008 жылдан бастап — Қазақстан хоккей федерациясының президенті. 2016–2025 жылдары Ұлттық олимпиада комитетінің қысқы ойын түрлері жөніндегі вице-президенті болды.Коренной астанчанин и поклонник хоккея – биография Аскара МаминаСакен Мусайбеков избран вице-президентом НОК РК по зимним видам спорта

Марапаттары Ерен еңбегі үшін медалі (1998) Құрмет ордені (2006) 2 дәрежелі Барыс ордені (2011) Астанаға 10 жыл медалі (2008) 3 дәрежелі Әулие Маниил Московский кінәзі ордені (РПЦ, 2010) (Ресей) Құрмет легионы ордені (2013) (Франция) Мойындау кресті гранд-офицері (2013) (Латвия) Азаматтық қызметі үшін орденінің үлкен кресті (2014) (Испания) Астана қаласының Құрметті азаматы (2011) Құрметті теміржолшы (2012) Қазақстанның Құрметті құрылысшысы (2013)

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Астана әкімдері Санат:Қазақстан көлік және коммуникациялар министрлері Санат:Қазақстан темір жолы президенттері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Астананың құрметті азаматтары Санат:Құрмет легионы орденінің иегерлері Санат:Қазақстан премьер-министрлері