Оқиғалар Қаңтар 1 қаңтар Болгария мен Румыния елдерінің Шенген аймағына ену барысы сәтті аяқталды. Лихтенштейн біржынысты некені заңды қылған 39-мемлекет болды. Украина Халықаралық қылмыстық сотының мүше-мемлекеті болды. Америка Құрама Штаттарының Жаңа Орлеан қаласында көлік жиналған адамды таптап, кемінде 12 адам көз жұмды. Лас-Вегастағы Trump International Hotel қонақ үйінің алдында Tesla Cybertruck көлігі жарылды. 4 қаңтар – Аустрия канцлері Карл Нехаммер отставкасын жариялады. 6 қаңтар Канада премьер-министрі Джастин Трюдо өзінің жуықта өтетін отставкасын жариялады. Индонезия БРИКС ұйымының жаңа мүше-мемлекеті болды. 7 қаңтар – Лос-Анджелесте тарихындағы ең ірі орман өрті орын алып, бірнеше күн жалғасты, нәтижесінде 13 000 астам ғимарат қирады, 24 адам қайтыс болды, 180 000 шақты адам эвакуацияланды. 9 қаңтар Вашингтонда бұрынғы АҚШ президенті Джимми Картердің ресми жерлену рәсімі өтті. Ливан парламенті Ливан президенті лауазымына генерал Жозеф Аунды сайлады. Нәтижесінде 2 жылға созылған билік күйзелісі аяқталды. 10 қаңтар – қызметтегі Венесуэла президенті Николас Мадуро даулы 2024 Венесуэла президентін сайлауын қорытындылап, өзін қайта сайланды деп жариялап, үшінші инаугурациясын өткізді. 14 қаңтар – Ливан президенті Жозеф Аун БҰҰ Халықаралық сотының төрағасы Наваф Саламды өзінің премьер-министрі ретінде тағайындады. 15 қаңтар Қызметтен шеттетілген Оңтүстік Корея президенті Юн Сөк Йөл сәтті түрде қамауға алынды. Газадағы соғыс: Израиль мен Хамас атысты тоқтату жайлы ортақ келісімге келді, израильдік және палестиналық тұтқындар ауысуы және территорияға халықаралық көмектің енуі жоспарланды. 16 қаңтар – Ұлттық азат ету армиясы солтүстік-шығыс Колумбиядағы Кататумбо аймағында бірнеше шабуыл жасады. Шайқастар барысында 100-ден астам адам қайтыс болды. 19 қаңтар – Газадағы соғыс: Атыс тоқтауы басталды. 20 қаңтар – Дональд Трамптың АҚШ-тың 47-ші президенті ретінде екінші ұлықталуы. 21 қаңтар – Түркиядағы Карталкая курортында өрт басталды, нәтижесінде 78 адам қайтыс болды. 22 қаңтар – Тайланд біржынысты некені заңды қылған 38-мемлекет және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы тұңғыш ел болды. 24 қаңтар – Сербияның Нови-Сад қаласында теміржол вокзалының төбесі құлап, 15 адам қаза тапты. Бұл оқиға елде наразылықтар мен ереуілдердің орын алуына себеп болды. 26 қаңтар – Беларусь халқы президентін сайлады, ресми нәтиже бойынша Александр Лукашенко жетінші рет қайта сайланды. 27 қаңтар – қытайлық DeepSeek стартапының жаңа чат-бот моделінің пайда болуы әлемдік қор нарығында, әсіресе технологиялық секторда айтарлықтай дүрбелең тудырды. Чип өндіруші алпауыты Nvidia шамамен 600 миллиард доллар жоғалтты, бұл АҚШ қор нарығы тарихындағы бір компания үшін ең ірі құлдырау. 29 қаңтар Вашингтон үстінде American Airlines серіктесі PSA Airlines-қа тиесілі Bombardier CRJ700 ұшағы АҚШ армиясының Sikorsky UH-60 Black Hawk тікұшағымен соқтығысты. Ұшақтағы 64 жолаушы мен экипаж мүшелері және тікұшақтағы үш әскери қызметкер қаза тапты. Ахмед әл-Шараа 20-Сирия президенті болып тағайындалды. Башар әл-Асадтың қуылуынан бір ай бері бұл лауазым бос болған. 30 қаңтар – Конституциялық реформа нәтижесінде Никарагуада диархия орнады да, енді елде екі бірлескен президент бар: Даниэль Ортега мен әйелі Росарио Мурильо.

Ақпан 1 ақпан – АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай тауарларына 10% кедендік салық салды. 9 ақпан – Балтық елдері Ресей электр қуатынан толыққанды бас тартты. 12 ақпан Екі айналым нәтижесінде сайланған Грекия президенті Константинос Тасулас өкілеттігін бастады. Румыния президенті Клаус Йоханнис отставкасын жариялады. Ол, осылайша, Румын революциясынан бергі осылай істеген тұңғыш президент болды. 18 ақпан – Эр-Риядта Украинадағы бейбітшілікке қол жеткізуге қатысты Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздер өтті. 19 ақпан – Хорватия Еуропалық экономикалық аймаққа толыққанды мүше болды. 23 ақпан – Германиядағы кезектен тыс парламент сайлауы. 28 ақпан – Ақ Үйде Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамп кездесті. Трамп пен АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Зеленськийды қатты сынға алды, Украинаны қолдау, соғысты аяқтау сияқты мәселелерді талқылады.

Наурыз 2 наурыз – Firefly Aerospace еш техникалық мәселесіз Айға қонған тұңғыш коммерциялық компания болды. 3 наурыз – Владимир Зеленскиймен кездесуден көп ұзамай Трамп әкімшілігі Украинаға баратын көмекті тоқтатты. 8 наурыз – Сирия өтпелі үкіметі қауіпсіздік күштерінің алавиттер аймағында елдегі соңғы жылдардағы ең ауыр зорлық-зомбылық деп сипатталған әрекетінен 1000-нан астам адам, соның ішінде бейбіт тұрғындар қаза тапты. 9 наурыз – қаңтардағы Джастин Трюдоның отставкасынан кейінгі Либералдық партия сайлауында Марк Карни жеңіске жетті. 5 күннен кейін ол Канада премьер-министрі атанды. 18 наурыз – Израиль Газа секторын кең көлемде әуеден бомбалап, кемінде 591 адамды, соның ішінде балаларды өлтіріп, қаңтарда қол жеткізілген атысты тоқтату келісімін үзді. 19 наурыз – Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоглу жемқорлық пен лаңкестік айыбымен қамауға алынды. Нәтижесінде елдің әр жерінде наразылықтар орын алды.

Сәуір 2 сәуір – АҚШ президенті Дональд Трамп түрлі елдерге баж салығын саламын деп жариялады. 4 сәуір – Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёлге импичмент салынды да, ол осылайша өкілеттігін жоғалтты. 13 сәуір – Жапонияның Осака қаласында ЭКСПО-2025 көрмесі басталды. 21 сәуір – Католик шіркеуінің басшысы Рим папасы Франциск 88 жаста қайтыс болды. 30 сәуір – Украина мен АҚШ арасындағы минералдық ресурстар жөніндегі келісім орнады.

Мамыр 6 мамыр Германиядағы парламент сайлауы (2025) нәтижесінде Германия канцлері болып Фридрих Мерц сайланды. Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс (2025): Пахалгамдағы терактқа жауап ретінде Үндістан мен Пәкістан бір-біріне соққы жасады. 7–8 мамыр – 2025 жылғы конклав нәтижесінде Рим папасы Францисктің ізбасары болып Роберт Превост сайланды. Ол XVI Лео есімін таңдады. 13 мамыр–17 мамыр – Швейцарияның Базель қаласында Eurovision ән байқауының 69-шығарылымы өтті. 18 мамыр – Румыниядағы президент сайлауы (2025) нәтижесінде мемлекет басшысы болып Никушор Дан сайланды.

Маусым 1 маусым «Өрмек» операциясы: Украина Ресей әскери базаларына ірі дрондар шабуылын жасады. Ресей әуе әскерінің 40-тан астам ұшағы зардап шекті. Польша халқы президентін сайлады. Қызметтегі президент Анджей Дуда қайта сайлануға құқылы емес болды да, ізбасары болып Кароль Навроцкий атанды. 6 маусым – АҚШ көші-қон және кеден полициясының заңсыз әрекеттері себебінен елде наразылықтар басталды. 10 маусым – Грац, Аустрия мектебіндегі атыстан 10 адам қайтыс болды. 15 маусым–13 шілде – Америка Құрама Штаттарында Футболдан 2025 жылғы FIFA әлем біріншілігі өтті. 22 маусым – Израиль-Иран соғысы: Америка Құрама Штаттары Иранның ядролық нысандарына соққы жасады. 24–25 маусым – Гаага, Нидерландта НАТО самммиті орын алды.

Шілде 1 шілде – Таиланд конституциялық соты премьер-министр Пхэтхонгтхан Чиннаваттың өкілеттігін тоқтатты. 16 шілде – Израиль Дамаскідегі Сирия президенті сарайына және Сирия бас штабына авиациялық соққы берді. 21 шілде – 28 түрлі мемлекет Газа соғысының бірден аяқталғанын талап еткен хат жасады. 30 шілде – Ресейдің Камчатка өңірі маңында жер 8.8 магнитуда сілкінді. Нәтижесінде Жапония мен Гавайи цунами қаупі бар деген ескерту жасады.

Тамыз 7–17 тамыз – 2025 жылғы Дүниежүзілік ойындар Қытайдың Чэнду қаласында орын алды. 8 тамыз – Армения мен Әзербайжан Америка Құрама Штаттарының көмегімен 37 жылға созылған Таулы Қарабақ қақтығысын толыққанды аяқтайтын бейбіт келісімге келді. 15 тамыз – Ресей–АҚШ саммиті: Украинадағы қақтығыстың шешімін талқылау үшін АҚШ президенті Трамп пен Ресей президенті Путин Аляскада кездесті. Еш келісім жасалмады. 22 тамыз – БҰҰ Газадағы жағдайды тұңғыш рет аштық деп таныды. IPC шкаласының ақпаратынша, 500 000 адам дәл қазір «аштық, жоқшылық және өлім» көріп жатыр. 30 тамыз – Таиландтағы саяси дағдарыс: Таиланд премьер-министрінің бұрынғы Камбоджа премьер-министрі Хун Сенмен телефон арқылы сөйлескені жария болады да, дау шығып, Таиланд Жоғарғы соты премьер Пхэтхонгтхан Чиннаватты лауазымынан босатты.

Қыркүйек 8 қыркүйек Норвегиядағы парламент сайлауы (2025): Йонас Гар Стёренің коалициясы парламенттегі көпшілігін сақтап қалды. 2024–2025 жылдардағы Франциядағы саяси дағдарыс: вотум нәтижесінде Франсуа Байру премьерлігінен айырылды, Франция үкіметі тарап кетті Непалда аса ірі наразылық шаралары басталды да, кемінде 22 адам қайтыс болды, жүздеген адам жарақат алды. Премьер Кхадга Прасад Шарма Оли өз еркімен қызметтен кетті. 9 қыркүйек Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас ассамблеясының 80-сессиясы басталды. Израиль Доха, Катарда ХАМАС басшылығына соққы жасады. Ресейлік дрон Польша аумағына түсті. Польша бұны шабуыл деп, НАТО-ның 4-бабын іске қосты. 10 қыркүйек – америкалық консерватор мен подкастер Чарли Кирк Ютада өлтірілді. 11 қыркүйек – Бразилия Жоғарғы федералды соты бұрынғы Бразилия президенті Жаир Болсонаруны көтеріліс жасамақ болды деп 27 жылға түрмеге қамады. 16 қыркүйек – БҰҰ комиссиясы Израиль Газада геонцид жасап жатқанын мойындады. 21 қыркүйек – Ұлыбритания, Канада мен Аустралия Палестина мемлекетін егемен мемлекет ретінде мойындайтын болды. Франция келесі күні де бүйтті. 28 қыркүйек – Молдовадағы парламент сайлауы (2025): еуропашыл «Әрекет және ынтымақтастық» партиясы жеңіске жетті.

Қазан 3 қазан – Люксембург Ұлы Герцогі Анри тағынан бас тартып, оны мұрагер ұлы Гийомға береді.

Қараша 11 қараша – Оңтүстік Африка Республикасы Үлкен жиырмалық саммитін өткізді.

Желтоқсан

Туғандар

Қайтыс болғандар

Тағы қараңыз

Дереккөздер

*