thumb|Аяққап Аяққап - ертеде көшкен үйдің ыдыс-аяқ салатын киіз қабы. Көннен жасалатын, ыдыстар салынатын қоржын. Төрт бұрыштан тігіледі де, аузын жауып тұратын ілгекті қақпағы болады. Қақпақтан беті шұға, барқыт тәрізді матамен өрнектеліп, жиегі түрлі шашақпен әшекейленеді. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 Аяққап түйеге немесе арбаға тиелген жүктің үстіндегі шаңыраққа байланады да, үй тігілгенде өрешеге, қазан-аяқ жаққа таяу керегенің басына ілімді.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мәдениеті Санат:Киіз үй