Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев (19 қараша 1962 жыл, Панфилов ауданы, Талдықорған облысы) — қазақстандық саясаткер. Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Индустрия және сауда, Энергетика және минералды ресурстар, Мұнай және газ министрліктері мен «Самұрық», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компанияларының бұрынғы басшысы.

Өмірбаяны М.Ю. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономист-кибернетик мамандығы бойынша бітірген. 1988 жылы экономика ғылымының кандидаты болды. Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Прогнозирование воспроизводства основных фондов».

Қызмет жолы Алматы халық шаруашылығы иниститутының оқытушысы, доцент міндетін уақытша атқарушы (қаңтар 1989 – қараша 1990); Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қорының Ғылыми-консультативтік орталығы директорының орынбасары (қараша 1990 – қаңтар 1991); «Қазақстан» Республикалық құрылыс биржасы» АҚ Директоры (қаңтар 1991 – шілде 1992); Қазкоммерцбанк АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары (шілде 1992 – қаңтар 1995); Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары (қаңтар 1995 – қараша 1995); Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары — Қазынашылық басшысы (қараша 1995 – қаңтар 1997); Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірінші орынбасары (қаңтар 1997 – наурыз 1997);Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 марта 1997 жыл. № 355 О Мынбаеве С.М. Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі, бірінші Қаржы вице-министрі (18 наурыз 1997 – ақпан 1998); Қазақстан Республикасы Қаржы министрі (ақпан 1998 – қаңтар 1999); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (қаңтар 1999 – шілде 1999); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі (шілде 1999 – мамыр 2001); Қазақстан Даму Банкі ЖАҚ Президенті (мамыр 2001 – мамыр 2002); «Каспий өнеркәсіп-қаржы тобы» ЖШС Бас директоры (маусым 2002 – 13 маусым 2003); Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары (13 маусым 2003 – қаңтар 2006);Указ Президента Республики Казахстан от 13 маусым 2003 жыл. № 1115 О назначении Мынбаева С.М. заместителем Премьер-Министра Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Индустрия және сауда министрі (14 желтоқсан 2004 – қаңтар 2006);Указ Президента Республики Казахстан от 14 желтоқсан 2004 жыл. № 1500 О назначении Мынбаева С.М. заместителем Премьер-Министра Республики Казахстан - министром индустрии и торговли Республики Казахстан «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі (қаңтар 2006 – 27 тамыз 2007); Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар министрі (27 тамыз 2007 – 12 наурыз 2010);Указ Президента Республики Казахстан 27 тамыз 2007 жыл. № 394 «О назначении Мынбаева С.М. Министром энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан» Қазақстан Республикасы мұнай және газ министрі (12 наурыз 2010 – 3 шілде 2013);Указ Президента Республики Казахстан от 12 марта 2010 жыл. № 938 «О назначении Мынбаева С.М. Министром нефти и газа Республики Казахстан» ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы (3 шілде 2013 – 20 қараша 2018). Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы (20 қараша 2018 – сәуір 2021).

Отбасы Мыңбаев үйленген, жұбайы — экономист Қалиева Жанар Салауатқызы. Қызы — Жансұлу және ұлы — Дамир.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан экономистері Санат:Қазақстан банкирлері Санат:Қазақстан вице-министрлері Санат:Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлері Санат:Қазақстан премьер-министрінің орынбасарлары Санат:Қазақстан энергетика министрлері Санат:Қазақстан мұнай және газ министрлері Санат:Барыс орденінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан индустрия министрлері Санат:Қазақстан сауда министрлері