нобай|Бурят бақсы thumb|Ольхон аралындағы бақсы жартасы, Байкал, Ресей| alt=A.|right Бақсы (Шаман) — бағызы түсінік бойынша тылсым әлеммен байланыс жасай алатын, тәуіптік, балгерлік, сәуегейлік, көріпкелдік, сиқыршылық, т.б. ерекше қасиеттері бар адам (“шағатай” тілінде бақшы)“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6.
Бақсылық ертедегі шаманизмнен сақталған ұғым.
Ол кезгі сенім-нанымда: жан иесі тұрпайы денеден және нәзік болмыстан тұрады. Адам өлген соң тұрпайы денесін тастап, нәзік болмысымен жан баласы көріп-біле алмайтын жаңа бір әлемге рух түрінде өтеді; ол әлем — фәни өмірдің жалғасы, сондықтан рух онда түрлі қалыпқа еніп, әрекет жасайды; бұлар табиғат құбылыстарына да әсер етіп отырады деп түсіндірілді. Қазақтар олардың жақсылық істерді басқаратындарын аруақ, періште, перизат, т.б. десе, жамандық істерді басқаратындарын пері, шайтан, жын, албасты, жезтырнақ, т.б. деп атайды.
Осы көне сенім бойынша Бақсы — әлгі тылсым әлеммен байланысқа еніп, ондағы түрлі рухтарды өз қызметіне пайдалана алатын адам.
Бақсының “жын-перілерінің” аты болады. Жекелеген индивидиум ретінде қажетті кезде олар өз Бақсысының алдында әйел, шал, қыз, т.б. бейнелерде тізіліп тұрады-мыс. Бақсы сол шақырған жындарының “көмегімен” гипноздық өнер де көрсете алады. Қай жаққа қолын сілтесе, сол жақта 5 — 10 қадам жерде тұрған заттар қылышпен шапқандай кесіліп кете береді. Киіз үйдің туырлығы тілініп, кірпіш үйдің қабырғасы қақ айырылады.
Көрермен жұрт мұның бәрі бақсы шақырған “жарғыш жындардың” әрекеті деп біледі. Қылыштың жүзімен жүреді. Шоқ темірді қолымен ұстап, тіліне қариды, өткір пышақпен өз мұрнын өзі “кесіп” тастайды. Ақыр аяғында денесінде бір де бір жара, не сызат, белгі қалмайды. Әйел бақсыны халық “елті” деп те атаған. Бақсыларға тән айрықша қасиеттердің бірі — емшілік (тәуіпшілік).
Шығу тарихы отқа табыну мен шамандықпен тығыз байланысты психологиялық емдеу тәсілдерін әр елдің бақсылары сол халықтың өзіне тән ерекше әдістер арқылы қолданған. Мысалы, қазақ бақсылары қобызда ойнап, зарлы не қаһарлы үн, әуендер шығару, түсініксіз жыр жырлау, “жынын шақырып” зікір салу немесе гипноздық, жонглерлік, т.б. “керемет” көрініс, әрекеттер жасау арқылы жүйке жүйелеріне әсер ете емдейді. Табиғаттың құдіретті күштеріне иландырады, өзіне баурап алады. Әрине, бұл іс әркімнің қолынан келе бермейді. Ол үшін үлкен табиғи дарын, қасиет керек. thumb| alt=A.|Қазіргі Бақсы|солғаБақсылар емшілікпен қатар балгерлікпен де шұғылданған. Олардың келешекті болжайтынына, адамның тағдырын шешіп, оның ойын сезіп тұратынына, өткен өмірін де ашық айтып бере алатынына, табиғи құбылыстар тудыра алатынына, жын-шайтандарды қуатынына халықтың белгілі бір бөліктері бұрын да, кейін де сенді.
Оған негіз де жоқ емес еді. Адамның өз табиғатындағы ғылым ашпаған жұмбақтар әлі толып жатыр. 5 ғасырдағы ғұн патшасы Еділдің айналасында көптеген даңқты Бақсылар болған. Олар әрбір күрделі оқиғаларды күні бұрын болжап, патшаға жеткізіп отырады екен. 451 жылғы Каталаун шайқасының тағдырын бақсылар құмалақ ашып, бірнеше күн бұрын айтып берген. Болжам дәл келген. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Түркі-моңғол бақсылары бас киімді көбіне Америка құрлығындағы үндістердің көсемдері киетін “тымаққа” ұқсас етіп, құс қауырсындарынан қадап жасайды. “Жындармен” күрескен кезде бақсылардың киімдері сауыт ретінде түрлі тылсымдық рөл атқарады; Бақсылық тұқым қуалайды, ол адал, жаны таза, иманды адамдарға қонады, өз жолын дұрыс ұстай алмаса “қасиеті таяды” немесе “бақсылық буып” кемтар болып қалуы да мүмкін делінеді. Қазақта ең атақты Бақсы бағаналы Қойлыбай — барлығының пірі, қорғаушысы. Онан соң бағаналы Балақай Бақсы, Жанақ Бақсы, Көкшетау даласында Шөмен Бақсы, т. б. болған. Бақсыны басқа тілдерде: шаман, экстрасенс, мистик, йога, спиритуалист, т.б. деп атайды. Қазақ жеріне мұсылман діні ене бастағаннан кейін ел өмірінде бақсылардың алатын орны мен рөлі төмендеді. Коммунистік идеология кезінде Бақсылыққа мүлде жол берілген жоқ.
Бақсы және бақсылық өнері туралы кейбір мәліметтер П.С. Паллас пен П. Рычковтың экспедиция жазбаларында (18 ғ.), бурят ғалымы Доржи Банзаровтың (1823 — 55), қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановтың (1835 — 65), ағылшын философы Томас Карлейльдің (1795 — 1881) еңбектерінде кездеседі.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;.Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Бақсылықтың қонуы
Бақсылық қасиет өздігінен келіп қонады. Ол біреуге ерте, біреуге кеш қонады. Бақсылықтың уақытша ғана қонатын немесе кездейсоқ қонатын кездері де болған. Бақсылықты ұстаған адамдар көп жағдайда бұрынғы өткен аталары түсіне еніп, «бақсылық қасиетті жалғастырасың немесе өзіңнің бір мүшең кем болады, әлде отбасың бір қиындыққа тan болуы мүмкін, ұрпақсыз қаласың» деп аян бергендігін және соған байланыста бақсы жолға бет бұрғандығын айтады. Яғни, ата-бабаларының ішінде болған ерекше қасиет ұрпақтарына келіп қонады деп саналады. Мұндайда келіп қонған «жын» мен адам арасында түсіністік болмаса, ол ауруға душар болады. Егер қасиет қонған кісі адам емдеумен айналыса бастаса ауруынан айығады дейді. Бақсылардың алдамшы, көзбояушы емес, психикалық жаратылысы ерекше жандар екендігі - ғылыми дәлелденген жайт. Адамға бақсылық қонғаннан кейін тазалық сақтап, бойына қонғанжындармен көмекші рухтарын үнемі риза қылып, «ренжітпеуі» талап етіледі. Олай істемеген жағдайда ол адамды «жын буып», ауруға душар етеді. Неғұрлым күшті бақсының жындары да көп, әрі әлеуетті деп саналадыЛевшин А. Описание Киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. В 3-х частях. СПб., 1832.thumb| alt=A.|Алтайлық шаман бақсы.|180px|rightБақсылықтың нақты қай кезде қалыптасқаны белгісіз. Ислам діні енгеннен кейінде бақсылыққа оның ықпалы болмай қалған жоқ. Адамның науқастанарылуы, сәуегейліктің шынға айналуы бірінші Алланың, одан соң әулие-әмбиелердің, аруақтардың қолдауымен жүзеге асады деген түсінікке қарай біртіндеп ойысты.
Ертеде бақсылар елішінде кез келген жағдайда көмекке келетін, құрмет тұтқан тұлға болды. «Е-вич» деген бүркіншік есімді автор «Бақсы қазақтардың әрбір рулы елдерінде болған. Ол да мал шаруашылығымен айналысқан қазақтармен бірге көшпелі өміркешті», - деп жазады.
Бақсыжыны Бақсы ойыны кезінде шақыратын, жай адамның көзіне көрінбейтін тылсым күш иелері. Бақсы жындарын сарын деп аталатын ғұрыпты орындаған сәтте шақырған. Ертедегі дәстүрлі ортада қалыптасқан түсінік бойынша жындар екі түрге –қайырымды жындар және қаскөйжындар деп бөлінгенАльфонс Я.Киргиз-кайсаки степи их жители. СПб., 1845
Қайырымды жындар барлаушылық және кеңесшілік қызмет атқарып, бақсыға сырқаттың дауасын, емін көрсетіп «жәрдем жасаған». Қазақ мифологиясында Шарабас, Қорабай, Көкаман, ер Домбай, Досыбай, Жирентай және т.б. көптеген жын аттары аталады. Шарабас жынның басы үлкен, бойы ұзын, зор денелі болып сипатталады. Оны кейбір бақласылар Қорабай деп шақырған. Ал Көкаман жиі кездесетін жын аты.... ер Домбай, ер Домбай, Шақырғанда кеп Домбай. Мұңлы менен шерлінің, Ырымын шегіп бер Домбай. ...Жынның басы Досыбай, Жын шақырдым осындай Жын әулие келеме Бір-біріне қосылмай...тағы да:...Жын атасы Қараман, Енді қайда барамын. Айтқанымда келмесең, Алдыңа сірә түспеймін – деген сияқты өлең жолдарын айта отырып, белгілі бір жынды шақырған. А.Е. Алекторовтың деректерінде бақсының жын түрлерімен «қызметтері» аталады. Еркөбен - айна тәрізді адамның ішіндегі ауруын анықтап береді, әрі көріпкелБроневский С. Записки о киргиз-кайсаках Средней Орды // Отечественные записки. 4.41. Кн.119.
Есдәулет - жындардың басшысы, желіккен, жынданған адамның бойынан шайтанды қуып шығады. Ол Ақмарал деген жынмен бірге әрекет етіп, зиянкестерді адам бойынан қуады. Ол екеуінің шамасы келмесе Қазманбет деген қалың қолы бар жын шақырылады екен.
Қасқөй жындар түрлі кейіпте бақсыға ғана көрінген. Ә.Диваевтың айтуынша, иығына отын арқалаған шайтан жас жігіт бейнесінде бақсылардың ғана көзіне «көрінген». Қ.Қостанаев қазақта әйелдің толғағы ауырлаған сәтін - «албасты басып жатыр» деп түсінетіндігі жазылған. Осындай сәтте көмекке шақырылған бақсы үйге жақындасымен-ақ «әй, шық!» деп, айғайға салады, албастыны қуалап, қамшысымен киіз үйдің ішін сабалаған. Мылтық алып, киіз үйдің үстіне қарай атады. Е.А. Александровтың Қазалы уезінен жазып алған дерегі бойынша босанатын әйелге толғағының ауыр, жеңілдігіне қарамастан міндетгі түрде бақсы шақырылады. Себебі албасты-марту осындай сәтте әйелге қастық жасайды. Бірақ, ол ер адамнан қорқады. Албасты-марту «жұқпалы» болады деп ырымдағандықтан әйел толғатып жатқан үйге, әсіресе жас келіншектерді кіргізбеген. Қазақ бақсылары жәндіктердің тілін жетік білген Сүлеймен пайғамбар мен оның әкесі Дәуіт пайғамбарды, сондай-ақ әртүрлі зиянкестерді ішінен шығара алатын Қамбарды көмекке шақырған. Адамға зиянкестік жасаған улы жәндік пен ауру-сырқат тудырған жын, қаскөй күштерді бақсы бақсы сарындарына сүйене отырып, бұйыру, алдау, қорқыту, мақтау сияқты «тәсілдермен» арбайдыНоволинеец А. Чары шамана в киргизском ауле // ОГВ. 1848. №25.
Бақсылық емінің кең тараған түрлері - ауру тудырған қаскөй жындарды қайырымды жындардың көмегімен қуу, солармен байлау, сондай-ақ адастыру, көшіру, дарымдау, шошыту (өткір жүзді суық қарулармен және қыздырылған темір кұралдармен) және ұшықтау (кетпен ұшық) және т.б. тәсілдер. Ауру тудырушы бейнелердің сұлбасын қуыршақ түрінде жасап, оны малдың бас сүйегіне көшіру кең таралған. Бақсы ешқашан сұранып кісі емдемеген, үйінде сырқат бар адамның өтінішімен ғана келген. Сонымен қатар аурудың барлық түріне жын шақырып ойнай бермейді. Бақсы жеңіл-желпі ауруларды үшкіру, ұшықтау, қақтыру, көшіру, отпен аластау, несін шақыру арқылы да емдейтін болған.
Бақсы ойыны, әдетте кешқұрым немесе іңір қараңғысында басталады. Өйткені жындар әркез адамзат өміріне қарама-қайшы бағытта жүреді, ягни кешке қарай қимыл-қозғалысқа түсіп, адамдарға деген қастандық әрекетін іске асырады деп түсінген. Бақсы ойынына жұрт жиналып болған соң үйдің есігі жабылып, тұтқасы жіппен байланады. Бұл бақсыны жындары қысқан кезде қаскөй зиянкестер сырқаттың жанын есіктен ала қашуы мүмкін деген нанымға қатысты орныққан. Бақсы ойынына қатысуға келгендер үй ішін айнала отыратын, ішке сыймағандары жабықтан сығалап қызықтайтын. Ортадағы ошаққа от жағады. Онан түскен көмескі сәуледен басқадай жарық болмайды, отқа кетпен, балта, күрек сияқты темір заттарды көміп, қыздыратын болған. Ал емделуші адамның үстіне мата жауып, аяғын отқа қарата ортаға жатқызып немесе отырғызып қояды. Бақсы оған қарама-қарсы кілем немесе сырмақ үстіне отырады.Диваев А. О способах врачевания у туземцев Туркестанского края // ТВ. 1871, №34
Бақсының жындарын шақыруы
Бақсының сарын айтып, науқасты емдеу «ойыны» кезінде көмекке келетін жындардың сырт пішіні әртүрлі кейіпте болады. Бақсы жындары түрлі кейіпте - шегіркөзді қыран құс, азулы аң (бөрі, қабылан, жолбарыс т.б), құптан аталық (құла айңыр, қара бура), алашұбар (қызыл шұбар) айдаһар сияқты зооморфтық кейіпте қолданылып, символдық мәнге ие болады. Аталған жындарды бақсы белгілі «тәртіппен» шақырады. Алдымен болжаушы, кеңесші жындар шақырылып, олар ауру себебін анықтауға көмектеседі.