Бармаққұм – Тарбағатай жотасының оңтүстігінде, Қатынсу мен Еміл өзендерінің Алакөлге құяр тұсындағы құмды алқап.

Географиялық орны Абай облысы Үржар ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Аумағы 720 км2, абсолюттік биіктігі 383 м, ұзындығы 30 км, енді жері 25 км. Төрттік кезеңде қалыптасқан. Алакөлдің солтүстігінде құмды төбелердің биіктігі 15 м-ге жетеді.

Өсімдігі Етегінде бұта аралас еркек шөп, түйежапырақ, жусан өседі. Шығысында минералды жылы бұлақ (Айнабұлақ) бар. Бармаққұм мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Абай облысы құмдары