thumb|Қазақстанның КСРО-ға басыбайлығы Басыбайлылық — тәуелділік, кіріптарлық, жеке адамдардың сыртқы күштерге бағыныштылығы. Ғылыми әдебиетте Басыбайлылықтың қауымдық, экономикадан тыс, заттық-тауарлық және тоталитарлық түрлері аталып өтіледі. Ежелгі қоғамда жеке адам қауымдық тұтастықтың шеңберінен шыға алмады. Кейінгі әр түрлі жүйелерде тұлға әр түрлі (саяси, заттық-тауарлық, т.б.) Басыбайлылыққа ұшырады. Кейбір мемлекеттерде жұмысшы сөз жүзінде еркін болғанымен, күнкөріс мақсаттары бойынша экономикалық кіріптарлықта. Басыбайлылықты аластаудың басты шарты — адам құқықтарын дәйекті қорғау, оның іс жүзінде орындалуы. Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Басыбайлылық
Санат:Филология Санат:Саясат