Уильям Брэдли «Брэд» Питт (; 18 желтоқсан 1963, Шауни, Оклахома) — америкалық актёр, продюсер, 1995 жылғы Алтын глобус сыйлығының лауреаты.
Өмірбаяны Питт Шауни қаласында (Оклахома, АҚШ) дүниеге келген. Әкесі, Уильям Питт, жүк тасымалдаумен айналысатын компанияда менеджер болып жұмыс істеген, анасы — Джейн Этта Хиллхаус, жергілікті мектептің оқытушысы болған. Дуг Питт ағасы және Джулия Питт деген қарындасы бар. Мектеп қабырғасында Питт спортпен айналысқан, пікірталас клубына және музыкалық секцияларға қатысқан. Мектепті бітірген соң, ол Миссури-Колумбия университетіне түсіп, журналистика және жарнамалық істі оқыған. Алайда университетті тәмамдағаннан кейін Питт мамандығы бойынша жұмыс істемей , актерлік мансабын бастау үшін Голливудке аттанады. Осы жерде ол атын «Брэд Питт» деп өзгерткен.
Мансабы Танымал актер болмай тұрып, Питт жүргізуші болып жиһаздарды тасымалдаған. Сонымен қатар ол актерлік курстарға қатысқан. Мансабы Даллас телехикаясындағы рөлімен басталған. Ол киноларда хикаяларда кішігірім рөлдерді сомдай бастайды. 1988 жылы ол өзінің алғашқы басты рөлін «Тёмная сторона Солнца» фильмінде сомдап шыққан.
1991 жылы ол сәтті болып шыққан «Тельма және Луиза» фильміне түседі. Осыдан кейін ол бірқатар жақсы шыққан рөлдерді сомдаған.
1995 жылы Empire журналы Питті кино тарихындағы 25 ең сексуалды жұлдыздар тізіміне енгізген.
1997 жылы Қытайдың Тибетке басып кіруін баяндайтын «Тибеттегі жеті жыл» фильмі шығады. Осыдан кейін Брэд Питтпен оның фильм бойынша әріптесі Дэвид Тьюлиске Қытай Халық Республикасына келуге тыйым салынған.
1999 жылы Питт өзінің ең танымал рөлдерінің бірі Чак Паланиктің романы бойынша түсірілген «Төбелес клубы» фильміндегі Дэвид Финчерді сомдаған. Бірақ коммерциялық жағынан сәтті шығып, оны әлемнің секс-символы ретінде танытқан «Троя» фильміндегі Ахиллестің рөлі болады. Содан кейінде ол көптеген фильмдерге түседі, соның ішінде өзінің қазіргі әйелі Анджелина Джолимен бірге түскен «Мистер и миссис Смит» (2005) шытырман комедиясы да бар."Brad Pitt on Another World" , The Another World Home Page. 2012-01-10.
2002 жылы Питт Дженнифер Энистонмен және Paramount Pictures голливуд киностудиясының басшысы Брэд Грэймен бірігіп Plan B Entertainment продюсерлік компаниясын құрады. 2005 жылы компания басты рөлді Джонни Депп сомдаған «Чарли мен шоколад фабрикасы» фильмнің продюсері болған. Сонымен қатар Питт жарнама роликтерінде де көріне бастаған. 2005 жылы Heineken жарнамасына, кейін американдық супермодель Татьяна Сороккомен бірге Хонда Акура жарнамасына түскен. SoftBank және Edwin Jeans үшін жапондық жарнамаға да түскен.
Жеке өмірі 1995 жылы «Жеті» триллерінің түсірілісі кезінде Брэд фильм бойынша оның әйелін ойнаған Гвинет Пэлтроумен жақындасып кетеді. Екеуінің бас қосатындығы жайлы айтылып жүрген кезде, олар кенеттен ара қатынастарын тоқтатады (1997). 2000 жылғы 29 шілдеде Питт Дженнифер Энистонмен үйленіп, 2005 жылы ажырасып кетеді. Көпшіліктің айтуына қарағанда ажырасудың себебі Дженнифердің балалы болғысы келмегендігінен дейді.
Ажырасу ісіне дейін Питт «Мистер және миссис Смит» фильмі бойынша әріптесі Анджелина Джолимен кездесіп жүрген. Екеуі ара қатынастары жайлы ресми түрде мәлімдеген. 2006 жылғы 27 мамырда Намибияда Питтың Шайло Нувель атты қызы, ал 2008 жылғы 12 шілдеде Францияда Нокс Леон және Вивьен Маршелин атты егіз баласы дүниеге келеді. Питт Анджелинаның барлық асыранды балаларын асырап алады. Қазір олардың алты баласы бар: ұлдары Мэддокс Шиван, Пакс Тьен мен Нокс Леон; қыздары Захара Марли, Шайло Нувель мен Вивьен Маршелин. Барлық балаларының тегі — Джоли-Питт.
Фильмографиясы Питт фильмдерінің толық емес тізімі: ЖылТүріҚазақша атауыТүпнұсқа атауыРөлі1987фБейтарап жерNo Man's Landдаяшы / WaiterфНөлден азLess Than ZeroPartygoer / Preppie Guy at FightсӨсу проблемаларыGrowing PainsДжефф / JeffсДалласDallasРэнди / RandyсБасқа әлемAnother WorldКрис1988сДжамп-стрит, 2121 Jump StreetПитер / PeterфКүннің қараңғы жағыThe Dark Side of the SunРик Клейтон / Rick1989фБірге бақыттыHappy TogetherБрайан / BrianфСыныпты қысқартуCutting ClassДуайт Ингаллс / Dwight IngallsсСыныптың президентіHead of the ClassЧак / ChuckсFreddy's NightmaresРик Остин / Rick Austin1990тфThe Imageоператор / Steve BlackтфӨлуге тым жас?Too Young To Die?Билли Кэнтон / Billy CantonсДаңқ күндеріGlory DaysУокер Лавджой / Walker Lovejoy1991фAcross the TracksДжо Мэлоуни / Joe MaloneyфДжонни ЗамшаJohnny SuedeДжонни Замша / Johnny SuedeфТельма және ЛуизаThelma & LouiseДжей Ди / J.D.1992фContactКокс / Cox1990сTales from the Crypt, «King of the Road»Билли / Billy1992фCool Worldдетектив Фрэнк Харрис (дауыс) / Detective Frank HarrisфӨзен ағып жатқан жерA River Runs Through ItПол Маклин / Paul Maclean1993фКалифорнияKaliforniaЭрли Грейс / Early GrayceфШынайы махаббатTrue RomanceФлойд / Floyd1994фҚызметThe FavorЭллиотт Фоулер / Elliott FowlerфВампирмен сұхбатInterview with the Vampire: The Vampire ChroniclesЛуи де Пон дю Лак / Louis de Pointe du LacфКүз аңыздарыLegends of the FallТристан Ладлоу / Tristan Ludlow1995фЖетіSeven (Se7en)детектив Дэвид Миллс / David Millsф12 маймыл12 MonkeysДжеффри Гоинс / Jeffrey Goines1996фҰйықтап жатқандарSleepersМайкл Салливан / Michael Sullivan1997фThe Devil’s OwnФрэнсис «Фрэнки» Остин МакГайр / Рори Дивани / Francis Austin McQuire/Rory DevaneyфТибетте жеті жылSeven Years in TibetГенрих Харрер / Heinrich Harrer1998фТанысыңыздар, Джо БлэкMeet Joe BlackДжо Блэк / кофеханадағы адам / Joe Black / Man in the Coffee Shop1999фТөбелес клубыFight ClubТайлер Дёрден / Tyler DurdenфДжон Малкович болуBeing John Malkovichкамео2000фSnatchМикки О’Нил / Mickey O'Neil (the Pikey)сJackassкамео2001фМексикандықThe MexicanДжерри Уэлбах / Jerry WelbachфТыңшы ойындарSpy GameТом Бишоп / Tom BishopфОушеннің он бір досыOcean's ElevenРасти Райан / Расти Райен (англ.)русск.сДостарFriendsУилл Колберт / Will Colbert2002фFull FrontalкамеофConfessions of a Dangerous MindБрэд, бойдақ № 1 / Brad, Bachelor No.12003мфСиндбад: жеті теңіздің аңызыSinbad: Legend of the Seven SeasСиндбад / SinbadмсТау патшасыKing Of The HillPatch BoomhauerфЭбби СингерЭбби Сингеркамео2004фТройTroyАхилл / AchillesфОушеннің он екі досыOcean's TwelveРасти Райан / Rusty Ryan2005фМистер мен миссис СмитMr. & Mrs. SmithДжон Смит / John Smith2006фВавилонBabelРичард / Richard2007фОушеннің он үш досыOcean's ThirteenРасти Райан / Rusty RyanфҚорқақ Роберт Форд Джесси Джеймсті қалай өлтірдіThe Assassination of Jesse James by the Coward Robert FordДжесси Джеймс / Jesse James2008фОқылғаннан кейін өртеуBurn After ReadingЧед Фельдхаймер / Chad FeldheimerфThe Curious Case of Benjamin ButtonБенджамин Баттон / Benjamin Button2009фАтақсыз шаталарInglourious Basterdsлейтенант Альдо Рейн / Lt. Aldo Raine2010мфМегамиMegamindМачомен / Metro Man2011фДрево жизниThe Tree of Lifeмистер О’Брайен / Mr. O'BrienфБарлығын өзгерткен адамMoneyballБилли Бин / Billy BeaneмфКөңілді аяқтар 2Happy Feet Twoкриль Уилл / Will the KrillкорTouch of Evilбезумец2012фКазино тонауKilling Them SoftlyДжек Коган / Jackie Cogan2013фZ Дүниежүзілік соғысыWorld War ZДжерри Лейн / Gerry Laneф12 жылдық құлдық12 Years a SlaveБасс / BassфКеңесшіThe CounselorВестрэй / Westray2014фFuryштаб-сержант Дон Колльер «Жауынгер Әке / Wardaddy2015фBy the SeaРоланд / Roland2015корThe Auditionөзін-өзі сомдайдыфThe Big ShortБен Риккерт / Ben Rickert2016докУақыт саяхатыVoyage of Timeрассказчик / NarratorфAlliedМакс Ватан / Max Vatan2017фWar Machineгенерал Глен МакМан / General Glen McMahon2018фДэдпул 2Deadpool 2Телфорд Портер / көрінбейтін адам / Telford Porter / Vanisher2019фБір күні ГолливудтаOnce Upon a Time in HollywoodКлифф Бут / Cliff BoothфЖұлдыздарғаAd AstraРой МакБрайд / Roy McBride2022фЖоғалған қалаThe Lost CityДжек Трейнер2022фОқ пойызBullet TrainҚанқыз2022фБабилонBabylonДжек Конрад2024фЖоқ ДосIFКит2024фҚасқырларWolfsПэм
Сілтемелер
Дереккөздер
Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:Вольпи кубогы сыйлығының иегерлері Санат:BAFTA марапаты иегерлері Санат:Тәуелсіз рух сыйлығының иегерлері Санат:Үздік фильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері (продюсерлер) Санат:Үздік қолдаушы актер үшін Оскар сыйлығының иегерлері