Гүлбахрам Есмұратқызы Жүніс – 1986 жылы 16 желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ жастарының бірі. 1961 жылы 7 наурызда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, қазіргі Нағи Ильясов атындағы ауылда дүниеге келген. Алматы қаласындағы Театр және көркемсурет институтында білім алған. Аталмыш оқу орнын тәмамдаған соң, «Қазақконцерт» бірлестігінде қызмет атқарған. 1986 жылғы көтеріліс кезінде жала жабылған. Қазіргі таңда Республикалық «Желтоқсан – 86», «Тәуелсіздік қырандары», «Халық қаһармандары» қозғалысының төрайымы. «Желтоқсан қарлығаштары» кітабы.
Дереккөздер