Ярослав Врхлицкий (лақап аты – Jaroslav Vrchlický; шын аты-жөні Эмиль Фрида, чех. Emil Frída; 17 ақпан 1853 жыл, Лоуни – 9 қыркүйек 1912 жыл, Домажлиц) – чех ақыны, драматург, аудармашыhttp://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%AF%D1%80%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B0%D0%B2_%D0%92%D1%80%D1%85%D0%BB%D0%B8%D1%86%D0%BA%D0%B8%D0%B9 .

Чех әдебиетінде «космополитикалық» деп аталатын мектептің негізін салған. Оның шығармашылығы төрт кезеңнен тұрады. 1-кезеңге: «Эпикалық поэмалар» (Epické básně, 1876), «Рух және әлем» (Duch a svět, 1878), «Симфониялар» (Symfonie, 1878), «Виттория Колонна» (Vittoria Colonna), «Аңыздар» (екі кітап) (Mýty, 1879), «Әулие Прокоп туралы аңыз» (Legenda o svatém Prokopu) және т.б. шығармалары жатады. 2-кезең: Врхлицкий шығармашылығының шарықтау шегіне жеткен тұсы. Бұл кезеңге «Гипподамиясы(Hippodamie, 1889-1891) трилогиясы, «Ағалар» (1889) және «Карлштейндегі түн» (Noc na Karlštejně, 1885) атты комедиялары жатады. 3-кезең: 1894-1903 жылдар: Құлау мен дағдарыс кезеңі. «Құдайлар мен адамдар» (1899), «Арнаулар» (Votioni desky, 1902) атты шығармалары осы кезеңнің жемістері. 4-кезең: ақынның соңғы жылдары «Маржан аралдары» (Korálové ostrovy, 1908) және «Өмір тармағы» (Strom života, 1910) атты шығармалар жазған.

Сондай-ақ Данте, Торквато Тассо, Ариосто, Бодлер және Гюголардың шығармаларын аударған.

Дереккөздер

Санат: Тұлғалар Санат: Драматургтер Санат: Аудармпшылар