Беспалов Вениамин Федорович (26.3.1906, Ресей, Сызрань қаласы — 8.10.1983, Алматы) — ғалым, геология-минералдар ғылымының докторы (1969), Қазақстанның еңбек сіңірген геолог-барлаушысы (1976).

Қазақ кен-металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1948). 1931 — 41 ж. Орталық және Оңтүстік Қазақстанда геологиялық картаға түсіру партиясының бастығы болды. 1941 — 43 ж. Ұлы Отан соғысына қатысты, 1943 — 55 ж. Қазақстан геология басқармаларының барлау, геологиялық картаға түсіру партияларында жұмыс істеді. 1955 — 68 ж. ҚазМУ-дің, Қазақ политехникалық институтының доценті, 1968 — 83 ж. Геология ғылымдар институтының тектоника секторының меңгерушісі болған.

Ғылыми еңбектері аймақтың геология мен тектоника мәселелеріне арналған. Беспаланов Орталық Қазақстандағы прекембрий мен төменгі палеозой құрылымдарының ара жігін көрсетті, бірінші вольфрамит кен орнын ашты. Қазақстанның көптеген аймақтарының геология карталарының авторы және редакторы.

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982). Еңбек Қызыл Ту орденімен, көптеген медальдермен марапатталған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:26 наурызда туғандар Санат:1906 жылы туғандар Санат:Сызраньда туғандар Санат:8 қазанда қайтыс болғандар Санат:1983 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Геология-минералогия ғылымдарының докторлары Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:КСРО геологтары Санат:Қазақстан геологтары Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті оқытушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген геолог-барлаушылары