Саддам Хусейн Әбд әл-Маджид ат-Тикрити (араб. صدام حسين عبد المجيد التكريتي; 28 сәуір 1937 жылЭто официальная дата рождения, которая, по мнению исследователей, не соответствует истине. Настоящая дата рождения Саддама Хусейна неизвестна., Әл-Ауджа, Салах-әд-Дин – 30 желтоқсан 2006 жыл, Казимия ауданы, Бағдад) — ирактың мемлекеттік және саяси қайраткері, Ирак президениті (1979 – 2003), Ирак премьер-министрі (1979–1991 және 1994–2003), Баас партиясының ирак бөлімінің бас хатшысы, революциялық пәремен беру Кеңесінің төрағасы, маршал (1979). Мұнайды сыртқа шығаруымен келген үлкен табысымен Ирактың өмір сүру деңгейін Таяу Шығыстағы мемлекеттердің алдыңғы қатарына шығарып, ірі реформаға қол жеткізді. 1980 жылы 1988 жылға дейін созылған Иранмен соғыстың шиеленісін шешті.
Соғыс барысында Саддам Хусейн күрдтерге қарсы химиялық қаруды қолданған "Анфал" операциясын жүзеге асырды. 2003 жылдың сәуір айында АҚШ пен Ұлыбритания басшылық еткен көпұлтты коалция әскерінің басып кіруінен орнынан алынды және Ирак Жоғарғы сотының шешімімен атылу жазасына бұйырылды.
Саддамның ("Саддам" араб тілінен аударғанда "қарсы тұрушы " деген мағынаны береді) еуропа мағынасыналы тегі болған емес. Хусейн – орыс тегіне ұқсас әкесінің есімі, Абд аль-Маджид – оның атасының есімі, ал ат-Тикрити – Саддам Хусейн дүниеге келген Тикрит қаласы болып табылады.Blair Shewchuk. Saddam or Mr. Hussein? CBC News, ақпан 2003
Жеке өмірі
Балалық, ересектік, жасөспірімдік
Саддам Хусейн Тикрит атты ирак қаласынан 13 км жердегі Аль-Ауджа ауылында жері жоқ шаруаның жанұясында дүниеге келді. Оның анасы Сабха Тулфан әл-Муссалат (Сабха Тульфах немес Субха) жаңа туған сәбиді «Саддам» (араб тіліндегі баламасы "қарсы тұра алатын") деп ат қойды. Оның әкесі - Хусейн Әбд Әл-Маджид - Саддам дүниеге келместен 6 ай бұрын із түзсіз жоғалған - қайтыс болған немесе отбасын тастап кеткен. Тіпті кейбір жаңсақ пікір, Саддам Хусейн заңды некеден дүниеге келмеген, әкесінің есімі ойластырылып қойылғандығын айтады. қалай болған күнде де Саддам анасы үшін 1982 жылы ірі мазар тұрғызған екен. Ал әкесіне ештеңе арнамаған.Deutsche Welle, ақпан 2003
Болашақ Ирак әміршісінің ағасы 12 жасында сырқаттан қайтыс болады. Осы уақытта қатты жүйке ауруыны шалдыққан анасы жүктілікті үзбек болған, тіпті, өз өміріне де қауіп тудырған. сырқаттың дендегені соншалық, жаңа туған сәбиіне де қарауға құлқы болмаған. Нағашы ағасы - Хейраллах - анасының қолынан баланы алып, біраз уақыт өз қарауында сақтап қалады. Көкесі Британияға қарсы көтеріліске қатысқандықтан оны абақтыға қамады. Ал Саддам Хусейн болса, анасына қайтып келуіне тура келді. Кейінгі кездері Саддам анасынан көкесінің қайда екендігін сұрағанда, "Хейраллах көкең абақтыда" деген бірізді жауап қана алынатын.
Бұл уақытта Саддамның әкесінің туған ағасы Ибрагим аль-Хасан салт бойынша ағасының әйеліне үйленеді және осы некеден Саддам Хусейннің үш ағасы Сабауи, Барзан және Ватбан, сол сияқты Наваль және Самира атты қарындастары дүниеге келді. Отбасы кедейліктен зардап шекті және Саддам Хусейн кедейлік пен үнемі ашаршылықты бастан өткерді. Бұрынғы әскер болған өгей әке кішкене шаруашылыққа ие болып, Саддам Хусейінге үнемі қой бақтырып қоятын. Ибрагим баланы үнемі ұрып-соғып, кемсітіп отыратын. Немере інісін ол, тіпті, жабысқақ шайырға салынған таяқпен ұратын. Кейбір мағлұматтар бойынша, Саддамға тауық пен қой ұрлататын. Мәңгілік жоқтық Саддам Хусейіннің бақытты балалығын ұрлады. Балалық шағында бастан өткерген кемсітушілік, әруақыттағы қаттылық мінез көп жағдайда Саддам Хусейіннің мінезінің қалыптасуына ықпалын тигізді. Алайда, кішкене бала өзінің тез тіл табысушылық қасиетінен өзімен қатарлас, тіпті үлкен жастағы адамдар арасынан дос таба білді.
Бір күні өгей әкесіне қонаққа алыс туысқандары келді. Олармен Саддам Хусейнмен жасы шамалас ұл бала да болды. Ол сол сәтте өзінің екінші сыныпқа барып жүргенін, әріп танитынын және құмға өзінің есімін жаза алатынын да айтты. Қорланып кеткен Саддам Хусейн: "Әке, мені мектепке беріңіз!" деп қиғылық салды Биография Саддама Хусейна РИА «Новости», 29 желтоқсан 2006.Өгей әке бұл уақытта да өзінің әдетімен тағы да ұрып-соқты.1947 жылы Саддам білім алуға ұмтылған қалыпта мектепке кіру үшін, Тикритке қашып кетті. Бұл жерде діндар мұсылман-сүннит, ұлтшыл, әскери офицер, Англо-Ирак соғысының ардагері, сол уақытта түрмеден шыққан Хейраллах Тульфах көкесінің тәрбиесін алады. Кейінгі оқиға Саддам Хусейіннің қалыптасуына шешімді ықпал етті. Тикритте Саддам Хусейн бастауыш біліммен мектепті аяқтады. Өзінің есімін де жаза алмайтын сегіз жасар балаға білім алу қиындыққа соғады. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Саддам Хусейн өзінің сыныптастарына ойға келмейтін қалжыңдар жасайды екен. Бәрде Құран сабағынан дәріс беретін өзіне ұнамаған мұғалімінің сөмкесіне улы жылан салып қойған. Сол үшін Хусейн мектептен шығарылған.
Саддам Хусейн 15 жасқа толғанда, жақсы көретін аты мерт болып, өмірінде бірінші рет ауыр қайғыны бастан өткерді. Қайғырғаны соншалық, баланың қолы жансызданып қалды. Жарты ай шамасында қолы өз еркімен қозғалысқа келгенінше, халықтық емшарлармен емдеді. Бұл уақытта Хейраллах Тикриттен Бағдатқа жетті, кейін Саддам Хусейінде екі жылдан кейін келген болатын. Көкесінің ықпалымен Саддам Хусейн 1953 жылы Бағдадтағы элитті әскери академияға түсуге бағыт алады. алайда бірінші емтиханнан-ақ құлап қалды. Оқуын аяқтау үшін, келер жылы ұлтшылдық пен панарбизмнің қамалы болған аль-Карх мектебіне түседіСаддам Хусейн: вождь с портрета NEWSru, 2003.
Жанұясы thumb|150px|right|Саддам Хусейн Саддам Хусейннің бірінші зайыбы - Удей, Кусей атты ұлдары мен, Рагад, Рану, Халу атты қыз балаларын дүниеге алып келген өзінің немере әпкесі Саджида (Хейраллах Тульфахтың үлкен қызы). Ата-аналары Саддам Хусейн бес жасқа, Саджида жеті жасқа толғанда атастырып қойған болатын. Тұрмысқа шықпай тұрып Саджида бастауыш сыныпта мұғалім болып еңбек етеді. Олар Касемге сәтсіз қастандық ойластырылғаннан кейін, Хусейннің білім алып тұрмыс кешкен жері Кирде үйленеді. Өз сарайларының бірінің бағында Саддам Хусейн өзіне қымбаттығы асқан әсем аппақ раушан гүлінің тамырын отырғызып, оған Саджида атын береді.
Саддамның екінші некесі жайындағы тарих Ирактан да шеткері асып кетті. 1988 жылы Саддам «Ирак Эйруэйс» әуе бірлестігінің президентінің әйелімен танысады. Кейін Саддам күйеуінен ажырасуын талап етеді. Бұл некеге немере ағасы мен Саддам Хусейн сол уақытта қорғаныс министрі тағында отырған қайын ағасы Аднан Хейраллах қарсылық білдіріді. Кейін ол кісі әуе апатнан қаза табады. Ирак президентініңі үшінші жары 1990 жылы үйленген Нидаль аль-Хамдани болды.
2002 жылы ирак көшбасшысы 27жастағы Иман Хувейш атты елдің өндірісін қорғау министрінің қызына үйленіп, төртінші рет некелесті. Алайда достарының арасында өткен үйлену салтанаты қарапайым ғана болды. АҚШ-тың Иракка қарсы әскери операциясының басталу қаупі туындағанынан Саддам Хусейн өзінің төртінші жарымен бірге өмір сүре алмады. 1995 жылы тамызда Саддам Хусейннәі әулетінде жанжал туындады. Али Хасан аль-Маджидке немере ағайын болатын туған ағайынды генерал Хусейн Камельмен президент қорғауының полковнигі Саддам Камель өздерінің әйелдері мен президенттің Рагад және Рана атты қыздарымен күтпеген жерден Иорданияға қашып кетті. Бұл жерде БҰҰ сарапшыларына елдегі ішкі саясат жайлары мен Бағдадтың жаппай жою қаруын жасау жөніндегі құпия жұмыстары туралы айтып берді. Бұл жағдай Саддам Хусейн үшін қатты соққы болды, седебі Хусейн құпия істерді тек туыстары мен достарына ғана сеніп тапсыруға үйренген еді. Ол өзінің күйеу балаларына елге оралған жағдайда кешірім ететінін айтқан болатын. 1996 жылы Саддам Камель мен Хусейн Камель Иракка оралды. Бірнеше күн өткен соң, ашуға булыққан туысы "сатқындармен", кейін олардың туыстарымен ісі болғаны жайында мәліметтер шықты. Хусейннің жеке дәрігері Хусейн күйеу балаларының ары қарайғы тағдыры жайындағы ойын былайша мәлімдейді:
Саддам мен оның Тикриттегі президент сарайларының біріне отбасы мерекелік түстікке (Оразаның аяқталу құрметіне орай) жиылды. - Мен оларға өзімді сатып және Иорданияға қашып кеткендігі үшін жазаға бұйырмауым туралы сөз берген болатынмын, - деді Саддам. Біраз үнсіздіктен кейін айналада көбірек жиылып отырғандарға бір қарап алды. Кейін күйеу балаларының аталары Әли Хасан әл - Мәжидке назарын аударды. - Алайда бұл отбасы мәселесі ғой. Атасы басын изеді. Ол тез түсінген болатын.
Саддам басшылығы тұсында отбасы турасындағы ақпарат қатаң бақылауда болатын. Хусейннің құлауынан кейін ғана оның жеке өмірі туралы үй видеосы сатылуға қойылды. Бұл видеоматериалдар ирактықтарға өзін 24 жыл басқарған басшылары жайындағы құпияны тануына жол ашты.
Саддамның Удей және Кусей атты ұлдары өзіне өте жақын, әрі сенімді болатын. Осылай бола тұрса да үлкен ұлы Удей Саддам Хусейннің ізбасары бола алмағандығынан Кусейді дайындады. 2003 жылы 22 шіде айында Ирактың солтүстігінде американдық әскерлермен жүргізілген соғыста Удей мен Кусей қаза тапты. Олармен бірге Кусейдің ұлы, Саддамның немересі Мұстафа да өаза болды. Тақтан тайдырылған президенттің кей туысқандары араб елдерінен саяси баспана тапты. Сол уақыттардан бастап, Саддам өз отбасын көрмеді де, бірақ өз қорғаушылары арқылы олар жайлы мағлұмат алып тұрды.
Әуестігі Саддам Хусейн бағбандықты және яхтада қыдрғанды қатты ұнататын, батыстың қымбат костюмі мен ескілікті және заманауи қаруға, қымбат, сәнді, салтанатты көлікке қызығушылығы басым болған (бірінші көлігі "мерседес" Баас мұражайында сақтаулы.) Ұнатып көңіл көтеретін жайы - көлікпен құйғыта жүріп, рөлде гавана сигарын тарту болатын. Кейбір деректер ойынша Парсы шығанағындағы соғысқа дейін оның екі жүзге тарта костюмі, олардың көбі екі жақт қаусырмалы. Олардың кейбірі - танымал шебер Пьер Карденнің қолынан шыққан, әскери униформалар толымы , сол сияқты арабтық тайпалық «джеллаба» жамылғылары. Сол сияқты сарай салу ісі де Саддамның құмарлықтарының бірі болатын. Өзінің басшылығы тұсында өзі мен туыстарына арнап 80-нен астам сарайлар мен виллалар, резиденциялар тұрғызды. Араб ақпарат құралдарының мәлімдемесі бойынша Ирактың экс-президентінің 78 бен 170-ге жуық сарайы болғандығын айтады. Алайда Хусейн өзіне қастандық ойластырылуы мүмкін деген күдікпен бір орында екі рет түнемеген екен. Оның қиратылған сарайларының арасынан американдықтар классикалық әдебиеттердің бірнеше томдарын тауып алған екен. Кейбір деректер бойынша Саддам өз кітаптарының арасында Хемингуэйдің "Старик и море" повесін жақсы көреді екен. Саддам кітап оқығанды, "Крестный отец" кинофильмін көргенді ұнатады екен.
Дінге қарым-қатынасы
Саддам Хусейн ислам дінінің суннит бағытын ұстанған, күніне бес уақыт намаз оқып, жұма күнгі намаздан қалмай,Игрок, которому долго везло… People’s History барлық шариғи заңдылықтарды орындап отырған. 1980 жылы тамыз айында елдің көрнекті тұлғаларымен бірге Мекке қаласына қажлық сапарға барып қайтты. Барша араб әлеміне ақ ихрамға оранған Саддам Хусейннің Қағбаны айналу салтын Сауд Аравиясының бекзадасы Фахданың еріп жүруінде Меккеге келу хабарын жеткізеді. Саддам Хусейн 1997 жылдан 2000 жылға дейін Құран данасын жазуға қан тапсырды.
Саддам өзі суннитке тән болса да шейіттердің рухани көшбасшыларымен араласып, шейіттер мешіттеріне барып отыратын, өзінің жеке қорынан шейіттердің киелі орындарының жөндеу, қайта жабдықтау жұмыстарына көп мөлшерде қаражат бөлетін.
Жеке жағдайы Ирак басшысы 2003 жылғы "Форбс" журналындағы деректерге сәйкес Линхенштейн князі Ханс-Адамс екіншіден кейінгі әлемдегі ең бай адамдар арасында үшінші орынды иемденді. Ол тек Сауд Арабиясының королінен Фатха мен Сұлтан Брунейге ғана жол берді. Оның жеке дәулеті 1 млрд 300 млн доллар деп бағаланды. Саддам құлатылғаннан кейін сауда министрі Ирактың өтпелі өкіметі Али Алауи басқа санды көрсетті - 40 млрд долл., көп уаөқыттар бойында Хусейн елдің мұнай экспорты кірісінен 5 % алып отырған. АҚШ ОББ ФТБ және қаржы министрлігімен серіктесе отырып, Хусейн құлауынан кейін де оның қаржылық жағдайына тексерістер жүргізді , алайда олар ештеңе таба алмады.
Революционер: Саяси қызметінің басы
thumb|142px| «Баас» партиясының жас мүшесі. (1950-ж. соңы)