Леонид Петрович Блюммер – орыс жазушысы, журналист.

1840 жылы Керчь қаласында дүниеге келген. 1859 жылы Петербург университетінің Шығыстану факультетіне оқуға түсіп, бір жыл оқиды. Л.П. Блюммер шетелге кетіп, А.И. Герценмен, Н.П. Огаревпен тығыз қарым-қатынаста болады. Шетелде жүріп «Свободное слово» журналы мен «Весть» және «Европеец» газеттерін шығарады. 1865 жылы Ресей патшалық басқармасының шақыртуымен қайтып келіп, өзінің саяси «адасуын» мойындап, Томск губерниясына жер аударылады.

Шығармалары «Фальшивая бумажка», «Слуга», «Без следа», «На Алтае».

Дереккөздер

Санат: Орыс жазушылары