Емил Пейчев Боев (7.7. 1932 ж.т.) — болгар түркологы.
София университетінің түркология бөлімін бітірген (1956). 1960 жылдан бері сонда оқытушы. Қыпшақ тобындағы түркі тілдерін, оның ішінде қазақ тілін зерттеген. 1967 жылдан бері София университетінде қазақ тілінен сабақ береді. Болгариядағы түрік мектептеріне арналған түрік тілі оқулықтары авторларының бірі. Болгариядағы түрік тілінің родол диалектілерін жан-жақты зерттеумен бірге, “Варна татарларының тіл өзгешеліктері” (1964), “Болгар тіліндегі түрік тілінің әсерімен енген бұрынғы түркизмдер” (1965), “Болгар тілі мен түркі тілінің арақатынасы” (1968), “Болгар тілі мен қазақ тіліне ортақ сөздер” (1970), т.б. еңбектер жариялады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:7 шілдеде туғандар Санат:1932 жылы туғандар Санат:Болгария түркітанушылары Санат:София университеті түлектері Санат:София университеті оқытушылары Санат:Қазақ тілін зерттеушілер