Жарнамалық рецензия – рецензияның бір түрі.Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. ISBN 9965-09-033-5.

Оның кәдімгі әдеби рецензиядан айырмашылығы өте көп. Мәселен, кәдімгі рецензияда нысанның жақсы жақтары мен кемшіліктері қатар көрсетілсе, жарнамалық рецензияда көрермендер назары нысанның тек жақсы қырларына аударылады. Оның тағы бір ерекшелігі – ол нысанға баға бере отырып, тұтынушыға тікелей ұсыныс жасайды.

Жарнамалық рецензия тұтынушылар талғамының жоғарылауына үлкен септігін тигізеді. Жарнамалық рецензия көп жағдайда жарнама агенттіктері жұмысының тиімділігін арттырады.

Дереккөздер

Санат: Журналистика