«Қылмыскер» – Мәдениет министрілігінің 2003 жылы жариялаған ұлттық «Астана–Бәйтерек» конкурсында бас бәйгені жеңіп алған драматург Сәкен Жүнісовтың пьесасы.

Онда бүгінгі күннің шындығы әлеуметтік талдау мен арқылы көрсетілген.

Кейіпкерлері - кешегі өнер жұлдыздары, бүгінгі көр қазушылар. Жай ғана көр қазушылар емес, зират басындағы бірнеше гектар жерді алдын-ала сатып алып, ақша табушы кәсіпкерлер. Аттары да өздерінің болмыстарына сай. Біреуі - Шалам (шөп-шалам), екіншісі - Әлімқұлы. Екеуін біріктіріп «Шаламалейкум» деп атаған.

Автор қоғамдағы көлеңкелі тұстарды, ұнамсыз жайттарды, ұлттық болмыс пен ғұрыпты сақтап қалуды, қазақ жерінің тағдырын драмалық тартыс аясында суреттеп жеткізген. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Жазушы» 2011 жыл.

Дереккөздер

Санат:Пьесалар Санат:2003 жылғы туындылар