Луи Маль (; 30 қазан, 1932, Тюмери, Франция — 23 қараша, 1995, Беверли-Хиллз, Калифорния, АҚШ) — француздық кинорежиссер. «Britannica настольная энциклопедия» Том I. АСТ-Астрель. Мәскеу, 2006 жыл. ISBN 978-5-17-038532-4 (Т.1) (АСТ). ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель)

Өзінің алғаш “Эшафоттағы Лифт” деп аталатын толықметражды фильмін 1957 жылы түсірді. Ал, қаржылай табысқа «Көңілдестер» деп аталатын туындысынан кейін қолы жетті (1958). Басты рөлдегі Ж. Моро да франция кино әлеміндегі ең танымал актерға айналды. “Адасқан жарық” (1963), «Ұры» (1967), «Жүрек соғысы» (1971), «Лакомб», «Люсьен» (1973) фильмдері арқылы үлкен мәртебеге ие болды. 1975 жылы АҚШ-қа келіп, «Сүйкімді сәби» (1978), «Атлантик-сити» (1980), «Андремен түстенемін» (1981), «Көріскенше, балалар» (1987) деп аталатын фильм түсірді. «Қырық екінші көшедегі Ваня» (1994) деп аталатын бірнеше кино туынды түсірді.

Дереккөздер

Санат:BAFTA марапаты иегерлері Санат:Сезар сыйлығының иегерлері Санат:Алтын пальма бұтағы сыйлығының иегерлері (режиссёрлер)