Манаус (, ) — Бразилияның солтүстік-батысында орналасқан қала. Амазонас штатында орналасқан. Орталық Амазонас мезорегионының құрамдас бөлігі болып табылатын Манаус экономика-статистикалық микрорегионының құрамына кіреді.

2007 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындарының саны 1832423 адамды құрайды. Алып жатқан жер аумағы 11401,058 км² шамасында. Халық тығыздығы — 160,7 адам/км².

Амазонның қақ жүрегінде орналасқан. Қала Риу-Негр өзенінің солтүстік жағалауын алып жатыр. Алғаш мұнда адамдар 1669 жылы салынған шағын форттан кейін қоныстана бастады.

Шаһар 1890-1920 жылдар аралығында қарқынды дамыды. Табиғи каучук өндірісінен әлемде алдыңғы орында. Кейін тоқырауға түсті. Мұхиттан бар болғаны 1600 шақырым жатқандықтан, қала әп сәтте алып порт және сауда орталығына айналды.

Шаһарда көздің жауын алар Ботаникалық бақ, Опера театры, Амазон халықаралық зерттеу институты (INPA), Амазон Федералдық университеті бар.«Britannica настольная энциклопедия» Том I. АСТ-Астрель. Мәскеу, 2006 жыл. ISBN 978-5-17-038532-4 (Т.1) (АСТ). ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель)

Дереккөздер

Санат:Амазонас елді мекендері