Джозеф Лео Манкевич (; 11 ақпан, 1909, Уилкс-Бар, Пенсильвания, АҚШ — 5 ақпан, 1993, Маунт-Киско, Нью-Йорк, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер."Britannica настольная энциклопедия"ТомI,АСТ-Астрель, Москва, 2006,ISBN 978-5-17-038532-4(Т.1) (АСТ),ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель).
1928 жылдан бастап Парамаунт студиясына сценарий жазды, кейін «Филадельфийская история» (1940), «Женщина года» (1942) фильмдерінің продюсері болды. Оның сценарилері тапқыр, талғампаз диалогтармен және айқын кейіпкерлермен ерекшеленді. «Письмо трём женам» (1949, режиссурасы мен сценариі үшін «Оскар» сыйлығы), «Всё о Еве» (1950, үздік фильм, режиссурасы және сценариі үшін «Оскар» сыйлығы), «Босоногая графиня» (1954) фильмдерінің сценарий авторы әрі режиссёры; сондай-ақ "Юлий Цезарь» (1953), «Однажды прошлым летом» (1959) және өте қымбат «Клеопатры» (1963) фильмдерінің режиссёрі.
Өзінен үлкен ағасы Герман (1897—1953) сценарист болған, «Азамат Кейн» (1941, «Оскар» жүлдесі) фильмінің негізгі сценаристі ретінде танымал.
Таңдаулы фильмдері
Дереккөздер
Санат:Үздік режиссёр үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Үздік бейімделген сценарий үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері