thumb|right|200px| Пьер Жан де Беранже (, 19 тамыз 1780 жыл, Париж – 16 шілде 1857 жыл) – француз ақыны, ән шығарушы, сондай-ақ сатиралық шығармаларымен танымал.

1815 жылы тұңғыш поэтикалық жинағы жарық көреді. Оның әндері аристократтарды сынауға («Маркиз де Караба», «Marquis de Carabas», 1816) бағытталған, XVIII Людовик («Навуходоносор», «Nabuchodonosor», 1823), иезуиттер («Әулие әкелер», «Les révérends pères», 1819) туралы әндері де бар. Ол Наполеон («Бесінші мамыр», «Le cinq mai», 1821) туралы романтикалық аңыз жазушылардың бірі болды. Оның шығармалары испандық ақын Агилерге үлкен ықпал етеді. Шығармалары В.С. Курочкин мен М.Л. Михайловтың аудармаларының арқасында Ресейге танылады.

Дереккөздер

Санат:19 тамызда туғандар Санат:1780 жылы туғандар Санат:Парижде туғандар Санат:16 шілдеде қайтыс болғандар Санат:1857 жылы қайтыс болғандар Санат:Парижде қайтыс болғандар Санат:Франция ақындары Санат:Франция орындаушы-авторлары Санат:Француз ақындары Санат:XIX ғасырдағы француз ақындары Санат:Гогетта