Бу — заттың газ фазасы өзінің сұйық (қатты) фазасымен тепе-теңдікте болатын газ тәрізді күйі. Бу мен газ ұғымы, көп жағдайда, бір-бірінен шартты түрде ғана ажыратылады. Термодинамика тұрғысынан «бу» және «газ» терминдері бір-біріне пара-пар.
Химиялық таза заттар Буының мынадай түрлері бар: қаныққан бу (қанығу температурасы мен қанығу қысымы кезіндегі Бу, басқаша айтқанда, заттың Буы өзінің сұйық немесе қатты күйімен жылжымалы тепе-теңдікте болатын күйі және оның қасиеттері тек температурамен ғана анықталады); қанықпаған (қызған) бу (берілген қысымда температурасы қанығу температурасынан жоғары болатын Бу, яғни тығыздығы қаныққан Будан кем болатын Бу); аса қаныққан бу (берілген темп-радағы қысымы қанығу қысымынан үлкен болатын Бу).
нобай| Аса қызған бу Берілген қысымда темп- расы қанығу температурасынан жоғары болатын бу.
Атомдық бу Үлгінің құрамына кіретін заттарды атомдарға ыдырайтындай дәрежеде қыздырған кездегі күйі.
Қаныққан бу Cұйықтықпен немесе сондай химиялық құрамды қатты денемен термодинамикалық тепе-теңдікте болатын бу.
Қыздырғыш бу Ыстық жылу тасымалдаушы ретінде пайдаланылатын су буы.
Өткір бу Қыздырылатын сұйықтыққа тікелей жіберілетін қыздырғыш бу.
Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Санат:Су күйлері Санат:Газдар