Тау жыныстарының деформациясы – күштің әсерінен тау жыныстары массивіндегі түйіршіктердің салыстырмалы қалпын өзгертуі. Тау жыныстарының деформациясы серпімді, пластикалық және үзілмелі болып бөлінеді. Тау жыныстарының серпімді деформациясы — сыртқы күштің әсер етуі кезінде тау жыныстарының формасы өзгергенімен, күшті алып кеткен кезде олар бұрынғы қалпына қайта келеді. Тау жыныстарының пластикалық деформациясы — сыртқы күштің әсерінен олар өздерінің бастапқы формасын өзгертеді, бірақ қайта қалпына келмейді және үзілмейді. Ал тау жыныстарының үзілмелі деформациясы сыртқы күштің әсерінен тау жыныстарында жарықшақтар пайда болып, оның тұтастығы бұзылады. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 . Дереккөздер
Санат: Физика Санат: Терминология Санат: Металлургия Санат: Тау-кен ісі Санат: Химия