5 Мардымдылық — кен ауқымын жиектеу және оның қорын анықтау кезінде, яғни кеннің кәделі қоры мен тастанды қорының ара-жігін айыру барысында сол кенге тән шикізат сапасына және оның өндірістік-геологиялық сипаттарына койылатын талаптілектер жиынтығы. Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет.ISBN 5-615-01738-4. Кеннің мардымдылығын анықтау оның төмендегі көрсеткіштерін анықтаумен орайласады: кен қоры есептелген жеке жондарга тиесілі пайдалы түрбөлшектердің (компонент) ең төменгі өндірістік мөлшері; кен денесін жиектейтің өңірлерге тән руда сынамаларына тиесілі пайдалы түрбөлшектердің шектік мөлшері; руда денесі қалындығының ең аз мөлшері және оның орналасу терендігінің, ең жоғары көрсеткіші; рудалану коэффициентіңің ең аз мөлшері және жабық коэффициентінің ең жоғарғы мөлшері; зиянды түрбөлшектердің ең көп мөлшері; пайдалы қазба қорының ең аз дегеннің өзінде өндіріліп алуға тиіс мөлшері. Дереккөздер
Санат: Геология Санат: Геофизика Санат: География