Теңөлшемдер (грек, мерос — бөлшек; үлес) - элементтік құрамы мен молекулалық салмағы бірдей шамалармен сипатталатын, бірақ құрылысы мен өзіне тән қасиеттері жағынан бір-бірінен анық ерекшеленетін химиялық қосындылар. Теңөлшемдердің химиялық байланыс энергиясы мөлшерінің түрліше болуы олардың физикалық және химиялық қасиеттерінің де өзіндік ерекшеліктерімен сипатталуын қамтамасыз етеді. Теңөлшемдік қасиет әсіресе органикалық қосындыларға айрықша тән. Геология терминдерінің сөздігі. Н. Сейітов, А. Абдулин.— Алматы: Қазақстан, 1996,ISBN 5-615-01738-4
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Геофизика Санат:География