Шөгінді қабатының алғашқы еңістігі. Түзілімдердің еңіс жазықтықтар бетінде қалыптасуына байланысты шөгінді қабаттарының әуел бастан-ақ еңкейе астасуы; құрлық өңірінде де, теңіз (мұхит) түптерінде де ұшырасуы мүмкін; тау жынысы қабаттарының табиғи еңістену бұрышы 30–45 градусқа, кейде 65 градусқа шейін жеткен кездері белгілі. Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.– Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4 .
Дереккөздер
Санат: Геология Санат: Геофизика Санат: География