Маханбет Қуанышбек Мәдибекұлы — 1955 жылы дүниеге келген.
1982 жылы - ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітіріп, еңбек жолын Торғай облыстық газетінің тілшісі болып бастады. 1983-1987 жылдары - Қима аудандық «Дала таңы – Степная заря» атты екі тілде шығатын газетте редактордың орынбасары, редакторы қызметтерін атқарды. 1991-1996 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің аппаратында ақпарат және қоғамдық байланыс бөлімінің бастығы болды. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Бірнеше кітаптардың және 1994 жылы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Сыр өңірі» деректі фильмінің авторы. 1996 жылдан бастап - «Қызылорда-полиграфия» ААҚ-ның президенті. 2005 жылы - «Қазақстан Республикасы баспа және полиграфия ісінің қайраткері» атағы берілді.Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х
Дереккөздер
Санат:1955 жылы туғандар Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері