Ахтанов Сағидолла Халекесұлы — 1955 жылы Гурьев облысының (қазіргі Атырау) Забурино елді мекенінде туған. График, сәулетші.
1983 жылы Алматы мемлекеттік театр-көркем-сурет институтын бітірген. 1989 жылдан КСРО Дизайнерлер Одағының мүшесі. 1992 жылдан Қазақстан Республикасы Дизайнерлер Одағының мүшесі. Республикалык көркем-сурет көрмелерінің қатынасушысы. 1983—1985 жылдары Ақтау қаласының бас суретшісі болып қызмет істейді. 1985—1991 жылдары Қазақстан Суретшілер одағы көркем сурет қорының Гурьев облысындағы филиалының директоры болады. 1991 —2000 жылдары "Маңғыстау Дизайн" қоғамының бас дизайнері әрі директоры болады.
Қазіргі кезде "Бала — Би" журналының бас суретшісі және Алматы қаласындағы Республикалық "Нақнақ" атты сатиралық журналдың көркемдеуші редакторы.Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х
Дереккөздер
Санат:Журналистика
Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері