Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан. Республиканың жерінің ауданы — 2 727 300 км². Жер шарының халық мекендеген кұрлық бөлігінің 2%-ы, және Еуразия ауданының 5%-ы елдің үлесіне тиеді. Аумағы бойынша ол әлем елдерінің алғашқы ондығына кіреді және ішкі құрлықтық мемлекеттердің ең ірісі болып саналады. Жерінің көлемі жөнінен дүние жүзінде 9-шы орын алады. Жалпы аумағы бүкіл жер шары көлемінің 2%-ын, Азияның 6,1 %-ын құрайды. Еуразия құрлығында Ресей, Үндістан, Қытайдан кейін төртінші орында, ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейін екінші орында тұр.

Жалпы шолу Қазақстанның аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде Каспий теңізі,Арал теңізі және Балқаш,Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа,көбі (94пайыз) көлемі бір шаршы киллометрден кем шығатын көлдер. Көлдердің барлығы дерлік тұйық көлдер. Олардың деңгейі ауық-ауық өзгеріп отырады.Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60 пайызын алып жатырВодные ресурсы Казахстана в новом тысячелетии https://web.archive.org/web/20070306062757/http://www.undp.kz/library_of_publications/files/2496-23653.pdf |Алматы |ПРООН |жыл=2004 |беті=23.

Қазақстанның батысында Еділдің төменгі ағысы, Каспий маңы мен Тұран ойпаты, шығысында Алтай таулары, солтүстігінде Батыс Сібір жазығы, ал оңтүстігінде Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесі орналасқан. Батысынан шығысына дейін - 3000 км, солтүстіктен оңтүстікке дейін - 1600 км.

Республиканың халқы 17,4 млн. адамнан асады.Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш: 1 қаңтар 2015 жылдағы халық саны. Қала халқының үлесі 56%-ды құрайды. Қазақстан халқының орналасу тығыздығы 1 шаршы километр жерге 6,6 адамнан келеді. Республика жерінің шеткі нүктелері 55°26'- 40°56' с. е. және 45°27'-87°18' ш. б. аралығында орналасқан. thumb|right|250px|Қазақстан. Ғарыштан түсірілген сурет thumb|right|250px|Қазақстан ортографиялық проекцияда

Қазақстанның физикалық-географиялық жағдайы Физикалық-географиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық мұхит пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан.Қазақстанның физика-географиялық орны Оның мұхиттардан шалғай жатуы әрі аумағының үлкендігі климатының өзіндік ерекшелігін қалыптастырады. Қазақстан батысында – Еділдің төменгі ағысынан, шығысында – Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі – Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1600 км-ге созылып жатыр. right|thumb|alt=A.|Сарыарқа даласы thumb|220 px|Шарын шатқалы

Республиканың географиялық орны оның табиғат жағдайларын анықтайды. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропа қоңыржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа субтропиктік климатымен ерекшеленсе, Қазақстан шұғыл континенттік климатымен көзге түседі. Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінің екінші шетінен айырмашылығы үлкен.

Мысалы, оңтүстіктегі тау етектерінде алма мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық, қарлы боран соғып тұрады. Қазақстан жерінде қатаң Сібір мен қапырық Орта Азия тоғысып жатады. Географиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Республиканың батыс шеті (45°27' ш.б.) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87°18' ш.б.) Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді. Ендік бойымен батыстан шығысқа қарай, материк ішіне тереңдеген сайын, климаттың континенттігі арта түседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығыс таулы өңірлерінде ландшафттардың күрделене түсетін алуан түрлі биіктік зоналары байқалады. Қазақстанның географиялық орнына байланысты барлық өңірлерінде жылдың төрт мезгілінің ауысуы айқын байқалады.

Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Жердің көп бөлігі жазық, үстіртті болып келеді. Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді.

Шекарасы Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 13394 км, теңізбен (Каспий) 2000 км-ден астам. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 7591 км Ресеймен шектеседі. Республиканың Алтайдан Тянь-Шаньға (Хантәңірі массивіне) дейінгі 1782 км-ге созылып жатқан шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараға сай келеді. Ал оңтүстігінде тәуелсіз мемлекеттер: Түрікменстанмен - 426 км, Өзбекстанмен - 2354 км және Қырғызстанмен - 1241 км шектеседі. Республиканың шекарасы батысында - Каспий маңы ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының біраз жерін, солтүстігінде Батыс Сібір жазығының оңтүстігін; оңтүстігінде Тұран ойпатын, ал шығысы мен оңтүстік-шығысында Алтайдың батыс бөлігінің, Сауыр, Тарбағатай жоталарының, Жетісу (Жоңғар) Алатауының негізгі бөлігін және Тянь-Шаньның солтүстік жоталарын басып өтеді.bilimdiler.kz Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы

Климаты Қазақстан климатының шұғыл континенттілігі мен құрғақшылығы географиялық орыны мен мұхиттан алыс жатуына байланысты. Солтүстігінде қоңыржай суық, жазы қоңыржай жылы, оңтүстігінің қысы жылы, жазы ыстық және құрғақ.

Қазақстанның кең байтақ аумағына байланысты, мемлекеттің түрлі аймақтарында ауа райы айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Мысалға, оңтүстікте егін егу басталып жатқан кезде, солтүстік жерінде әлі қар жатып, боран соғып тұруы ғажап емес.Қазақстан климаты

Қазақстан климатының қалыптасуына арктикалық, қоңыржай теңіздік және тропиктік ауа массалары әсер етеді. Қазақстандағы ең суық ай - қаңтар. Қаңтардың орташа температурасы солтүстікте -19°С (Петропавл), оңтүстікте -2°С (Дарбаза), кей күндері солтүстік-шығыста -54°С-ге дейін барады.

Қазақстанның ең жылы айы - шілде. Шілденің орташа температурасы - солтүстікте +19°С, оңтүстікте +28 °С +30 °С, ең жоғарғы температура солтүстікте +41 °С, оңтүстікте +47 °С болып келеді.

Жиынтық радиация мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай 4200-5500 МДж/м² тең. Қыста - ауаның қысымы жоғары. Жазда - ауа қысымы төмен. Қоңыржай, тропиктік, арктикалық ауа массаларды жыл бойы республика аумағында өтеді.

Қазақстанда кездесетін желдер: Сайқан, Ебі, Шілік, Арыстанды-Қарабас, Қордай, Мұғалжар желдері. Жоңғар қақпасында үнемі жел соғып тұрады.Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары. Ауаның қысымы

Географиялық зерттелу тарихы Антикалық кезеңдегі (ерте кездегі) зерттеулер Геродот (б.з.б. V ғ.) Каспий теңізінің тұйық алап екені, шығысында шексіз жазық өңірі жатқаны туралы баяндаған. Еңбектерінде Жайық, Жем, Еділ өзендері туралы мәліметтер келтірген.Первоначальные географические сведения о земле Казахстана К. Птолемей (б.з.б. 90-160 ж, ІІ ғ). Сырдария, Әмудария Каспийге құяды деген. Арал теңізін (Оксиан) картаға түсірген.matematik.kz Страбон (б.з.б. 63-24 ж) Каспий теңізін тұйық алап емес, Солтүстік мұхиттың шығанағы деп, ал Арал теңізін Каспийдің шығанағы деп есептеген. Сырдария мен Әмудария туралы дұрыс мәлімет қалдырған.Қазақстан аумағының географиялық зерттелу тарихы мен философиясы

Ұлы Жібек жолы Қытай жазба деректерінде б.з.б. II-I ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер бар.

Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталды. Ол Ұлы Қытайдың батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт Ферғана, Самарқан, Ирак, Иран, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб (Сайрам) қаласына келіп және екі тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Еуропаға қарай өткен. Сауда қалалары Оңтүстік Қазақстанда - Суяб, Құлан, Тараз, Отырар, Баласағұн, Сайрам, Сауран.Жібек жолының бойындағы қалалар

Ежелгі заманнан XVIII ғ. 30-шы жылдарға дейінгі аралық Бұл дәуірде саудагерлер мен елшілердің кездейсоқ саяхаттарының нәтижесінде қазақ жерінің сыртқы көрінісі туралы үздік те қарапайым деректер жинақталған.

Әбу Насыр Әл-Фараби қазақ жеріндегі қазіргі географиялық атаулардың қалыптасуына үлес қосты, астрономиялық зерттеулері (күн сағат, т.б.) қазақ жері туралы мағлұматтарды толықтыра түсті.

Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» деген еңбегінің географиялық маңызы зор болды. Ғалымның қолжазба күйінде сақталған дүние жүзінің «дөңгелек картасына» қазақ жеріндегі көптеген нысандарды түсірді. Сонымен қатар ол Қазақстандағы географиялық атауларды табиғат жағдайларымен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Қазақстан мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар жайында (мәселен, Ескендір Зұлқарнайын жорығы туралы) құнды мәліметтер келтіріледі.Тарих порталы Махмұд Қашқари мақаласы

Елюй Чу - Цай (1219) мен Чань Чунь (1221) Іле-Талас өзендерінің аралығындағы елдер туралы мәліметтер жинаған. Талас, Сырдария өзендерінің табиғат жағдайларын сипаттаған.

Орыс саяхатшыларының Қазақстанда жүргізген зерттеулері Қадырғали Жалайыри «Жылнамалар жинағы» атты географиялық мазмұндағы кітап жазған. Қадырғали Жалайыри «Жылнамада» Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, түркі тайпаларына анықтама береді. Қазақ хандарының өмірбаяндарына тоқталады. Ол қазақ жері, оның қалалары туралы аса құнды тарихи деректер қалдырды.1referat.kz Қадырғали Жалайыри мақаласы

XVII ғасырда Қазақстан аумағы С. Ремезов жасаған «Сібірдің сызба кітабы» атты картаға кірді. XIX ғасырдың II жартысында Қазақстан табиғатына ғылыми-географиялық тұрғысынан сипаттама берілді.

Семенов-Тян-Шаньский (1827-1914) Еуропалық ғалымдардың ішінде Тянь-Шаньды зерттегендердің алғашқысы, 1856-1857 жылдары Орталық және Солтүстік Тянь-Шаньға Хан-Тәңірі массивіне дейін барды.

1851 жылы Семенов-Тян-Шанский Тянь-Шань саяхатына шыққан кезінде Омбыда Шоқан Уәлихановпен танысып, оның болашақ ғылыми жұмыстарына бағыт сілтеді. Семенов-Тян-Шанскийдің кеңесімен Шоқан әйгілі Қашғар саяхатын жүзеге асырды. Аса бай коллекциялар жинап, өсімдіктер мен жануарлардың бұрын белгісіз жүздеген түрлерін ашты. Оның басшылығымен Ш. Уәлихановтың, Н.М. Пржевальскийдің, Г.И. Потаниннің, И.Д. Черскийдің, В.А. Обручевтің т.б. экспедициялары ұйымдастырылды.Петр Петрович Семенов-Тян-Шанский туралы қазақша реферат

Н.А. Северцов (1827-1885) 1857-1867 жылдары Арал теңізін, Сырдарияның төменгі ағысын және Қаратау жоталарын зерттеді. Н.А. Северцовтің Қазақстанды зерттеу жұмыстары П.П. Семеновтың Тянь-Шаньды зерттеуімен тұстас келді. Ол әуелде Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі сағасына сапар шекті. Одан соң Тянь-Шаньда, Жетісу, Қызылқұм, Қаратау өңірлерінде зерттеу-бақылау жұмыстарын жүргізді, Үстірт пен Мұғалжарды зерттеді. Осы зерттеулер нәтижесінде Н.А. Северцов Қазақстан жерінде жануарлардың таралуы жайында ғылыми ой-пікірлерді кеңейтті.

И.В. Мушкетов (1850-1902) Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауының кұрылысын зерттеген. Әулиеата (қазіргі Тараз) қаласының маңын, Ыстықкөлді зерттеді. Сонымен қатар Ілені, Күнгей және Теріскей Алатауды бірнеше жерден басып өткен. И.В. Мушкетов Орта Азияның физикалық географиясы мен геологиясына арналған «Түркістан» (1886-1906) еңбегін жазды. Мушкетовтың Түркістан монографиясының негізгі бөлігі Тянь-Шань тауларының жүйесін, оның мұз басуын, сондай-ақ тау етектеріндегі жазық жерлер мен жота аралық аңғарлар мен ойыстарда сары (лесс) топырақты және саздақ балшықты жерлердің пайда болуындағы метеорологиялық жағдайын зерттеді. Ол шекараларды анықтап, алғашқы геологиялық қартасын (1881) жасады. 1887 жылы Верныйда (Алматы) болған жер сілкінудің себептері мен шөлді аудандардағы жел әрекеті туралы құнды деректер жинақтады.XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу