Сүндетов Мағзом (1936 — 1999) Атырау облысы, Доссор кәсіпшілігінде туған."Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 ж., ISBN 9965-09-134-Х1981-89. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін тамамдаған.
"Жазушы" баспасында редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі, 1990-1996 жж. "Ана тілі" баспасының бас редакторы болды.
"Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен, Қазақ КСР жоғарғы Кеңесінің құрмет Грамотасымен марапатталған.
"Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері" атағын алған.
Шығармалары "Балық аулай барғанда". Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1963; "Күтем сені, Дидар". Повесть. А., «Жазушы», 1965; "Ескексіз қайық". Роман. А., «Жазушы», 1968; "Үзеңгі жолдас". Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1969; "Құмдағы ауыл". Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1973; "От ішіндегі адам". Повесть. А., «Жалын», 1976; "Қызыл ай". Роман. А., «Жазушы», 1978; "Еліктің лағы". Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1981; "Бесқонақ". Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1985; "Шайтан базар". Таңдамалы. А., «Жазушы», 1997.https://adebiportal.kz/kz/authors/view/1972
Дереккөздер
Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері Санат:Тұлғалар