thumb|116x116px|Галлий Ga|солға Галлий (лат. Gallіum; Ga) — элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 31, атомдық массасы 69,72; тығыздығы 5,9 г/см3, балқу t 29,8°С, қайнау t 2237°С, күміс түстес металл. Галлийді 1875 жылы француз химигі П.Э. Лекок де Буабодран ашып, оны Галлия құрметіне галлий деп атаған. Қалыпты температурадағы ауада галлий тұрақты. Қышқылдарда, сілтілерде ериді, амфотерлі қосылыстарында +1, +2, +3 валентті, тұрақтысы +3. Қалыпты жағдайда хлор және броммен, қыздырса оттек, күкірт және йодпен әрекеттеседі.
Галлий алюминий, мырыш, темір, қорғасын, германий, титан кендерінде және мұхит суларында кездеседі. Оның негізгі минералы – галлит (CuGaS2). Галлийді алюминий, мырыш, кадмий, германий және өндіріс қалдықтарынан экстракция, электролиз сияқты әдістермен алады.
Қолданылуы Галлийдің құймасы және қосылыстары радиоэлектроникада, шыны(арнаулы оптикалық айна дайындау), керамика өндірісінде, электрвакуумдық және лазерлік техникада, медицинада қолданылады. Қайнау және балқу температураларының арасы алшақ болғандықтан галлийден жоғары температура өлшейтін термометр жасайды.
Табиғатта кездесуі Жер қыртысындағы галийдің орташа мөлшері 19 г/т. Галлий – қос геохимиялық табиғаты бар типтік микроэлемент. Кристалл-химиялық қасиеттерінің негізгі тау жыныстарын түзуші элементтермен (Al, Fe және т.б.) жақындығына және олармен изоморфизмнің кең мүмкіндігіне байланысты, галлий кларктың маңызды құндылығына қарамастан үлкен жинақтарды түзбейді. Құрамында галий мөлшері жоғары келесі минералдар бөлінеді: сфалерит (0-0,1%), магнетит (0-0,003%), касситерит (0-0,005%), гранаттар (0-0,003%), берилл (0-0,003%), турмалин (0-0,01%), сподумен (0,001-0,07%), флогопит (0,001-0,005%), биотит (0-0,1%), мусковит (0-0,01%), серицит (0-0,005%), лепидолит (0,001-0,03%), хлориттер (0-0,001%), дала шпаттары (0-0,01%), нефелин (0-0,1%), гекманит (0,01 -0,07%), натролит (0-0,1%). Теңіз суындағы галий концентрациясы 3⋅10−5 мг/л.
Санат:Химиялық элементтер Санат:Жеңіл металдар